Get Mystery Box with random crypto!

КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ Бүгі | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Астанада Кәсіподақтар үйінде Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының активі ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесті. Кездесуге ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Ш.Қаринова, Министрліктің аппарат жетекшісі Д.Жекебаев, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталин, сондай-ақ Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының мүшелік ұйымдарының төрағалары қатысты.

Кездесуді ашқан Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева кәсіподақ қызметі туралы ақпарат берді.
Өткен 2022 жылы кәсіподақ органдарымен барлығы 37 662 шағым қаралған. Оның 16 733 еңбекке ақы төлеу бойынша. Жеке еңбек дауларын шешу жөнінде көрсетілген құқықтық көмек 32 399 құрады. еңбек заңнамасының орындалуын қоғамдық бақылау шеңберінде 4509 еңбек заңнамасының бұзылу дерегі анықталды. Кәсіподақ органдарының талаптары бойынша кәсіподақ мүшелеріне 1,1 млрд. теңге мөлшерінде заңсыз ұсталған немесе төленбеген ақшалай қаражат қайтарылды.

«Кәсіподақ органдарымен жасалған жұмыстардың барлығы орталықта да, жергілікті жерлерде де әлеуметтік әріптестіктің арқасында жүзеге асырылуда»,- деді А.Мұқашева. Бүгінгі таңда білім саласындағы әлеуметтік әріптестік дамыған құқықтық реттеуі бар көп деңгейлі жүйеге айналды деп атап өтті ол.

Айгүл Мақсатқызының көлемді ақпаратынан соң Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдары басшылары тарапынан Министрге сауалдар жолданды. Қойылған сауалдар білім беру қызметкерлерінің өзекті мәселелеріне арналды.

Әлеуметтік әріптестер тараптарының кездесуінде ҚРКФ төрағасы С.Дәулеталин де сөз сөйледі,

«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдары арасында ең үлкен мүшелік ұйым болып табылады. Салалық кәсіподақ тарапынан кәсіподақтар мүшелерінің мүддесін қорғаумен қатар, әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында үлкен жұмыс атқарылуда», - деп атап өтті С.Дәулеталин.

Әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту тақырыбын жалғастыра отырып, С.Дәулеталин салалық және өңірлік үшжақты комиссиялардың мәртебесі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ олардың арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік беретін «Әлеуметтік әріптестік туралы» Заң қабылдау қажеттігін атап өтті.

Кәсіподақ көшбасшыларынан сауалдармен бірге, Министрге ұсыныс-тілектер де айтылды. Кәсіподақ ардагері М.Амантаева сөз сөйлеп, ведомство басшылығына ашық ұстанымы мен тиімді диалогы үшін алғысын білдірді. М. Тұрғанқызы әлеуметтік әріптестерге педагогтардың еңбек жағдайларын жақсарту бойынша бірлескен шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде сала ардагерлерінің тәжірибесін пайдалануды ұсынды.

ҚР оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев өз сөзінде ведомствоның жұмысы туралы айтып, кәсіподақ органдарымен бірлесіп жұмыс істеуді талап ететін саладағы өзекті мәселелермен бөлісті. Ол сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек қатынастарының маңызды мәселелерін шешудегі кәсіподақтың белсенді рөлін атап өтті. Министр диалогқа ашық екенін атап өтіп, кәсіподақтан ұсыныстар қабылдауға дайын екенін жеткізді.

«Біздің нақты ұстанымымыз – Президенттің мықты және әділ мемлекет құру бағытын қолдау және іске асыру. Міндетіміз – сала қызметкерлерінің игілігі жолындағы ортақ жұмыстарды бірлесе орындау», - деп атап өтті Министр.

-----

ВСТРЕЧА ПРОФСОЮЗНОГО АКТИВА С МИНИСТРОМ ПРОСВЕЩЕНИЯ

Сегодня в Астане в Доме профсоюзов состоялась встреча актива Казахстанского отраслевого профсоюза работников просвещения, науки и высшего образования с министром просвещения РК Гани Бейсембаевым. Во встрече приняли участие первый вице-министр просвещения РК Шолпан Каринова, руководитель аппарата Министерства просвещения РК Дулат Жекебаев, председатель федерации профсоюзов РК Сатыбалды Даулеталин, а также руководители членских организаций Казахстанского отраслевого профсоюза работников просвещения, науки и высшего образования.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid022aqZCBLEDxEZYdqxue6wgmJRZ7BUfogoPJ482DR3StQKbdqysU7L9sd6btQEjWMzl&id=100057669759006&mibextid=Nif5oz