Get Mystery Box with random crypto!

КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Орталық комитеті Ақмола облыстық ұйымының активіне «Кәсіподақтың сала қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдері - ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті педагогикалық кадрлармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы Салтанат Базарбаева, Астана қалалық білім басқармасы өкілі Эльмира Жакенова шақырылды.

Семинар жұмысын ашқан Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева ашып, кәсіподақ қызметінің негізгі мақсаты - кәсіподақ мүшелерінің еңбек, кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау екенін атап өтті.

«2022 жылы әлеуметтік әріптестік аясында өткен салалық кәсіподақ әлеуметтік әріптестік құралдары: келісім және ұжымдық шарттар арқылы еңбек адамын қорғау және қолдау мәселесіне ерекше назар аударды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады», -деді А,Мұқашева.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті педагогикалық кадрлармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы Салтанат Базарбаева мен Астана қаласы білім басқармасының өкілі Эльмира Жакенова педагогтарды аттестаттау, лауазымдарға тағайындау, білім беру ұйымдары басшыларын ротациялау мәселелерінде жаңа салалық нормативтік-құқықтық актілердің қолдану ерекшеліктері, педагогтарды жұмысқа қабылдау ережелері, педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, өткізу қағидалары, педагогтарды қайта даярлау ережелері, педагогтарды аттестаттаудан өткізу ережесі туралы айтып берді.

Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың негізгі бағыттары, нысандары мен әдістерімен бөлісті.

Орталық комитеттің бас маманы Айдарбек Бектабанов Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, білім беру ұйымдарындағы өндірістік кеңес жұмыстары туралы, сонымен қатар білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау тақырыбында сөйледі.

Әрі қарай семинар ашық пікір алмасу форматында жалғасты. Кәсіподақ активінің толғандырған сауалдарына нақты жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Семинарға қатысушылар іс-шараны өткізудің практикалық маңызы зор екенін атап өтті, өйткені алынған білім кәсіподақ мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау ісінде кәсіподақ белсенділеріне жүктелген міндеттерді сапалы орындауға ықпал етеді.

Семинар соңында кәсіподақ белсенділері ҚР Кәсіподақтар федерациясының және Салалық кәсіподақтың наградаларымен марапатталды.

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі