Get Mystery Box with random crypto!

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ МЕН САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАР А | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ МЕН САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАР АРАСЫНДА КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
 
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Білім және ғылым, ғылым және инновациялық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіподақтары арасында әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім жасалды. Мемлекеттік органның атынан құжатқа министр Саясат Нұрбек, қызметкерлердің атынан кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева қол қойды.

Бұл келісім қызметкерлер үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді салалық деңгейде анықтау жөнінде тараптардың мақсаты мен міндеттерін айқындау мақсатында жасалды.

Сондай-ақ, шара барысында ведомство басшысы министрліктің 2023 жылға арналған жоспарлары туралы әңгімелеп, жыл қорытындысы бойынша ғылым және жоғары білім саласына үлес қосқан азаматтарды марапаттады.