Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР, АРДАҚТЫ ӘРІПТЕСТЕР! Қазақстандық оқу-ағарт | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР,
АРДАҚТЫ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы атынан баршаңызды егемен еліміздің ең басты мерекесі –Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн ұлтымыздың ұлы болашағы үшін қаны мен терін төккен боздақтардың жанкешті ерлігі мен қайсарлығын еске алатын қастерлі мереке.

Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымды ие отырып, халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық тілеймін. Ұрпағымыз ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, тәуелсіз республикамыздың туын көкке көтере бергей.

Бірлігіміз мен берекемізді ұлықтап, мемлекетіміздің мерейін асыратын мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

Жаңа Қазақстанымыздың келешегі кемел, болашағы баянды болғай. Мерекелеріңізбен!

Құрметпен, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева