Get Mystery Box with random crypto!

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҒЫЛЫМИ КОНГРЕСІ Бүгін, 25 қараша күні, Анта | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҒЫЛЫМИ КОНГРЕСІ

Бүгін, 25 қараша күні, Анталия қаласында Türk Eğitim-Sen Түркия білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының және UEASEB-тің ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңістің 100 жылыдығын еске алу» атты кезекті IV Түркі әлемінің білім және әлеуметтік ғылымдар бойынша халықаралық конгресі өз жұмысын бастады. Конгресс жұмысына Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелері - ғалымдары, өкілдері қатысуда. Конгреске әлемнің 33 елінен 1200 адам, олардың 600-ге жуығы шараға тікелей, қалғандары онлайн режимде қатысып отыр.

Пленарлық отырысты Түркия білім кәсіподағының төрағасы Талип Гейлан ашып, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Македония, Солтүстік Кипр және т. б. елдердің білім кәсіподақтарының өкілдері сөз сөйледі. Ғылыми кездесу әрі қарай Түркия ғалымдарының баяндамаларымен жалғасты. Конгресс отырысы 25-26 қараша аралығында өтіп, секциялық бөлімдерде әр елден келген ғалымдар ғылыми жұмыстарын баяндап, пікір таластырады.

Қазақстан делегациясының қатарындағы Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Б. Есқалиева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, профессоры, п.ғ.д. Р.Т. Игенбаева «Преемственность исламских ценностей и обычаев, традиций казахского народа» баяндамасымен, Атырау облысының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы «Қазақстандағы білім саласының ірі тұлғалары», Ақтөбе облысы Хромтау қаласы № 7 мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі Р.А. Біржанов «Великие тюрки-Великой степи», Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы, докторанты О.Қ. Сұлтанғалиева «Тәуелсіздік дәуірі поэзиясындағы ұлттық-мәдени концептілер», Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Ж.А. Түсіпбеков «Интеграция религиозных знаний и духовных ценностей в образовании» баяндамаларымен сөз сөйлейді.

Білім және әлеуметтік ғылымдар тақырыбындағы конгреске ұсынылған ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері мен жинақтары түркі әлеміне, түрік мәдениетіне, білім және ғылым саласына өз үлесін қосатынына сенім мол.