Get Mystery Box with random crypto!

Кейінгі бір жылда Ресейден кемінде 504 журналист көшіп кетіпті | Пардашьян

Кейінгі бір жылда Ресейден кемінде 504 журналист көшіп кетіпті. Көбі Мәскеу Украинаға соғыс бастаған соң қоныс аударған. Олар қашықта жүрсе де, оқырманға тәуелсіз ақпарат берумен айналысып жүр. Бұған «офшор-журналистика» деп ат қойыпты.

Бүгін «Проект» басылымы Ресейдегі БАҚ-тың қазіргі күйі туралы толымды материал жариялады. Шешуші сәтте дұрыс шешім қабылдаған басылымдардың шабыт беретін хикаялары да, аяусыз цензураға үнсіз бас шұлғып отырған журналистердің көңіл қынжылтатын әңгімелері де бар. Оқып көріңдер.

Өз басым «Новая газетаның» қайсарлығына тәнтімін. Соғыстан кейінгі цензураға барынша шыдас берді. Украинаның жапа шеккен аудандарынан керемет репортаждар жариялады. Газетті жабуға ілік таппас үшін мақалаларында соғыс туралы кейбір ақпаратты қалай түрлендіріп беріп келгені, адамдардың Путин туралы сөзін [...] осындай тік жақшамен көрсетуі — бәрі алда тарихқа енетін шығар. Өте әсерлі.

Бірақ осылай сақ жүргеннің өзінде бір айдан соң жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бәрі ақырына дейін тізе бүкпеген мықтылығына риза болды.

Кейін редакция қызметкерлері газеттің онлайн нұсқасын өзгеше атпен Еуропадан шығара бастады. Енді, міне, таяуда ғана «Новая газета» өз атымен сайт ашып, жұмысын жалғастырып жатыр. Оқып тұрыңдар. Әріптестерге тілектеспін.