Get Mystery Box with random crypto!

Ораза дәрістері

Telegram арнасының логотипі oraza_kz — Ораза дәрістері О
Telegram арнасының логотипі oraza_kz — Ораза дәрістері
Арна мекенжайы: @oraza_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.79K
Арнадан сипаттама

🌙 Бұл каналда ораза туралы қызықты мәліметтер жинақталған.
💡 @orazabot - ОРАЗА ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-04-20 03:03:32 СӘРЕСІ ІШУДІҢ СЕГІЗ ХИКМЕТІ

Сәресін ішу - оразадағы маңызды құлшылықтардың бірі. Оразаның әсілі нәпсімен күрес болса, таң алакеуімде сәресіге тұру нәпсіге берілген ең үлкен соққылардың бірі болмақ.

Осы орайда, қысқаша түрде хадистерде айтылған сәресі ішудің сегіз хикметін ұсынамыз:

1. Сәресі - бізді өзге қауымнан ерекшелеуші сүннети амал.
2. Сәресі ішетін шақ - Алланың мейірімі түсетін уақыт.
3. Сәресі уақыты - дұғалар қабыл болатын уақыт.
4. Сәресі ішкенге періштелер жарылқау тілейді.
5. Сәресін ішу де береке бар.
6. Сәресін ішу - пайғамбарларға тән құлшылық.
7. Сәресін ішкенге Алла мейірім етеді.
8. Сәресін ішу денсаулықты жақсартады.

@mihrab_kz
1.9K views00:03
Ашу / Түсініктеме
2021-04-18 10:20:14 Құрметті бот/канал қолданушылары!

“Сұрақ қою | LIVE” бөлімі арқылы бізге күніне жүзге тарта сұрақ келеді.

Дені “сәресіге ұйықтап қалсам не істеймін!”, “дұға айтуды ұмытып кеттім” “мұрын қанаса ораза бұзыла ма” сынды бір сарынды сұрақтар.

Сіздерге жарты сағат уақытыңызды қиып, төмендегі екі видеоны көріп шығуды ұсынамыз!

Сіздер үшін көптеген пайдалы мәліметтер бар!







2.0K views07:20
Ашу / Түсініктеме
2021-04-17 20:21:54



Ораза жайлы тамаша подкаст
1.9K views17:21
Ашу / Түсініктеме
2021-04-16 21:19:53 Тунис президентінің ашуына тиген Шейх

60 жылдай бұрын Рамазан айында Тунис президенті халық алдында ішіп-жейтін боп шешеді. Осылайша Тунис халқын да өзіне еруге шақырмақ болады.

Президент сол кездегі муфти әрі танымал ұстаз Шейх Ибн Ашурға өзінің пайдасына пәтуа шығаруын өтінеді.

Жауап ретінде муфти теледидарға шығып, Құранның мына аятын оқиды:

"Әй, мүміндер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз қылынды. Бәлкім, (жаманшылықтардан арылып) тақуалыққа жетерсіңдер."
(2:183)

Содан соң Шейх Ибн Ашур президент Хабиб Бургибтің Құранға қарсы келіп, қателесіп жатқанын айтты. Шейх Ибн Ашур осылайша Рамазандағы оразаларын жалғастыра алулары үшін мұсылмандардың пайдасына пәтуа шығарды.

Осыдан кейін Ашур орнынан алынып тасталады.

@oraza_kz
7.4K views18:19
Ашу / Түсініктеме
2021-04-16 06:15:19
2.3K views03:15
Ашу / Түсініктеме
2021-04-16 06:15:16 Сәресіде айтылатын дұға:
 
نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى
 
Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
 
Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ескерту: Сүннетке ауыз бекітуге қатысты арнайы дұға келмеген. Сондықтан қиындық тудырса, жоғарыдағы дұғаны айту міндет емес. Өзіңіз қалаған кез келген дұғаны айтсаңыз болады.
2.3K views03:15
Ашу / Түсініктеме
2021-04-15 20:43:47

2.0K views17:43
Ашу / Түсініктеме
2021-04-15 12:25:50 Әйел адамның Рамазандағы сыйы қандай үлкен! Үй шаруасына, ұстаған оразасына, ауызашар әзірлегеніне сансыз сауап алады. О Алла, оларды қуаттап, жазасыз Жәннатқа кірулерін нәсіп ет.

Шейх Ахмад әл-Мағасрауи

t.me/oraza_kz
5.3K views09:25
Ашу / Түсініктеме