Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі Анкарада ко | ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі Анкарада концерт берді

Қазақстанның Түркия астанасындағы елшілігінде еліміздің Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекенің соңында ұлт-азаттық күрестегі Ұлы Жеңістің 100 жылдығына арналған фестивальге Анкараға келген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің ұжымы өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті етті.

Конституция күнін мерекелеуге Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, көрнекті түрік саясаткерлері, ғалымдар, компания өкілдері қатысты.

Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов тәуелсіздік жылдары еліміздің Ата Заңы тұрақтылық пен өркендеудің кепіліне айналғанын атап өтті. Конституцияның қағидаттарына сүйенетін, Қазақстан бүгінде әлемдік аренада беделді әрі құрметті мемлекетке айналғанын алға тартты.

Мереке соңында Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің "Сарбаздар" фольклорлық-этнографиялық тобы майор Дархан Рахымғалиевтің жетекшілігімен қазақтың әйгілі "Сарыарқа", "Адай", "Шалқыма", "Жекпе-жек" және басқа да шығармаларын орындады.

Центральный ансамбль Министерства обороны Казахстана выступил с концертом в Анкаре

В посольстве Казахстана в столице Турции состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню Конституции нашей страны. Финалом праздника стало эффектное выступление Центрального ансамбля Министерства обороны Республики Казахстан, прибывшего в Анкару на фестиваль, посвященный 100-летию Великой Победы в национально-освободительной борьбе.

В праздновании Дня Конституции приняли участие посол Республики Казахстан в Турции Еркебулан Сапиев, заместитель министра обороны генерал-лейтенант Султан Камалетдинов, видные турецкие политики, ученые, представители компаний.

Генерал-лейтенант Султан Камалетдинов отметил, что за годы независимости  Основной закон нашей страны стал залогом стабильности и процветания. Следуя принципам Конституции, Казахстан является авторитетным и уважаемым государством на мировой арене.

В завершение праздника фольклорно-этнографическая группа «Сарбаздар» Центрального ансамбля Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил Казахстана под руководством майора Дархана Рахимгалиева исполнила знаменитые казахские произведения «Сарыарка», «Адай», «Шалкыма», «Жекпе-жек» и многие другие.