Get Mystery Box with random crypto!

Massaget NEWS

Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS
Арна мекенжайы: @massaget_news
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.47K
Арнадан сипаттама

Танымдық материалдар: @massaget_kz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2023-06-11 14:40:36
Президент Абай облысына келуіне орай жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы тұрғындардың бірі Тоқаевпен кездесуінде айтты. Оның айтуынша, Успен ауылында өмір бойы жол болмаған. Ал Президент келеді деп жолды бір сәтте төсеген.

Президент мұны "мүлдем масқара жағдай" деді.

"Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады", - деді Тоқаев.

t.me/massaget_news
2.6K viewsedited  11:40
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 16:39:39
Абай облысындағы орман өртінен үш адам қаза тапты.

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді.

Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр.

t.me/massaget_news
1.2K views13:39
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 16:16:57
FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты

Семей - Алматы бағытындағы FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысуы салдарынан кешіктірілді.

Рейс алдын ала мәлімет бойынша Семей қаласының жергілікті уақыты бойынша бүгін сағат 22:30-ға жоспарланып отыр.

"Ұшу уақыты туралы ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі. Сондай-ақ, жолаушылар FlyArystan қосымшасында және flyarystan.com сайтында рейстің статусын өз бетінше тексере алады", - делінген компания хабарламасында.

t.me/massaget_news
1.2K views13:16
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 14:29:09
Абай облысындағы алапат өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, орман шаруашылығының 14 қызметкері іздестіріліп жатыр.

t.me/massaget_news
1.4K views11:29
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 11:46:25
Абай облысында тұрғындар өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатыр.

"Кешеден бері 80-нен аса аудан тұрғыны мен еріктісі 2 ауысымға бөлініп, түнгі кезекте де өртсөндірушілерге тамақ жеткізіп беріп жатыр. Қазір өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатқан аудан мен Семей қаласынан да келіп жатқан жерлестеріміз көп деді", - Бородулиха ауданы Жастар ресурстары орталығының директоры Дильяра Хасенова.

t.me/massaget_news
1.6K views08:46
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 10:41:51
Мәжілісмендер есірткі қолданғаны үшін қылмыстық жазаны алып тастауды ұсынды.

Олардың пікірінше, тыйым салынған заттарды сатпайтындарды тек әкімшілік жауапкершілікке тарту керек. Депутаттар мұның бәрі есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрестің тиімділігін арттыратынына сенімді.

"Кылмыстық кодекстің 296-бабының 1-бөлігін әкімшілік юрисдикцияға көшіру ұсынылады. Бұл ретте "қоғамдық орындарда" есірткі құралдарын медициналық мақсатта тұтынбаған кезде белгісін алып тастау есірткіні медициналық мақсатта тұтынбауға тыйым салуға мүмкіндік береді", - деді Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.

t.me/massaget_news
1.7K views07:41
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 09:01:57
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясын қабылдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясымен - БҰҰ бас хатшысының орынбасары - БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының атқарушы хатшысы Армида Алисджабанмен, бас хатшының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчимен және БҰҰ бас хатшысының көмекшісі - БҰҰ даму бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі Ивана Живковичпен кездесу өткізді.

t.me/massaget_news
1.6K views06:01
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 08:37:38
Жылдамдықты асырғаны үшін жүргізушіге 57 млн теңге айыппұл салынды.

Финляндияда жүргізушіге жылдамдықты сағатына 32 шақырымға асырғаны үшін 121 мың еуро (57 млн 640 мың 461 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Полиция Андерс Виклефті сағатына 50 шақырымнан жоғары жылдамдықпен жүруге тыйым салынған жерде сағатына 82 шақырым жылдамдықпен келе жатқанда тоқтатқан. Осылайша ол тәртіп бұзғаны үшін айыппұл төлеп, он тәулікке жүргізуші куәлігінен айырылды.

t.me/massaget_news
1.7K views05:37
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 08:20:04
Ақтөбеде мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды.

"Ақтөбе облысы бойынша ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлеріне ақшаны төлеу тәртібін бұзу дерегі туралы ақпарат келіп түсті. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде МҚҚБ қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", - делінген хабарламада.

t.me/massaget_news
1.7K views05:20
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 07:09:08
Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр. Үш елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға көмектесіп жатыр.

t.me/massaget_news
1.8K views04:09
Ашу / Түсініктеме