Get Mystery Box with random crypto!

Корей тілі / 한국어 / Корейский / Kulpynay_korea

Telegram арнасының логотипі kulpynay — Корей тілі / 한국어 / Корейский / Kulpynay_korea К
Telegram арнасының логотипі kulpynay — Корей тілі / 한국어 / Корейский / Kulpynay_korea
Арна мекенжайы: @kulpynay
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.67K
Арнадан сипаттама

Кулпынаймен бірге корей тілін оңай әрі тез үйрену
Қазақ тілі мен корей тілінің грамматмкасы бір біріне қатты ұқсайтындықтан корей тілін тез үйрене аласыз
한국어를 같이 공부합시다
▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼
https://www.youtube.com/channel/UCt9CIXUMXb9wGfS6K56P3Kg

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар

2022-04-24 18:04:11
Менің оқушыларымның нәтижесімен бөлісе отырайын

Мақтанды деп ойламаңыздар бірақ оқимын деген жан міндетті түрде нәтиже шығарады

Қазақстанда кезде бірге сабақ оқыған қызымыз бүгінде Кореяда оқуда

Бастысы қызығушылықпен ниет болса армандар орындалады

Болашағыңызды жарқын ету - өз қолыңызда. Тілді дәл қазірден үйреніңіз.
526 views15:04
Ашу / Түсініктеме
2022-03-25 07:53:31
Оқуға деген ниет, әрекет болса барлығына да қол жеткізуге болады
6.0K views04:53
Ашу / Түсініктеме
2022-03-23 14:27:18
Сіздерге мотивация болсын
7.1K views11:27
Ашу / Түсініктеме
2021-11-13 17:32:52 КӘРІС ТІЛІНІҢ 6 ДЕҢГЕЙІН 6 АЙДА ҮЙРЕТЕМІН

Одан тез үйренуге келмейді. Егер сізді 1-2 айда толық үйретіп шығарам десе, күмәнмен қараңыз. Әр айдың сатылап өтетін тақырыбы болады.

Сенбесеңіз, кәріс тілін тез үйрену үшін кәріс боп қайта туылу керек Қалжыңдаймын. Сабақты кешке оқып, таңертең қайталау миды жаттықтырып, оған ақпаратты ұмытпау қажетін ескертеді. Бір уақытта музыка тыңдап, текст оқып, сабақ тапсырмасын орындаңыз. Бұл - екінші жолы. Оқу кезінде ештеңеге алаңдамаңыз. Таймерді 30 минутқа қойып, телефонды сөндіріп тастаңыз. Басында қиын болады. Бірақ үйреніп аласыз

Корей дорамасын субтитрмен қараңыз. Кәрісше ән тыңдап, қосымша ақпараттарын, жаңалығын жиі оқыңыз.
Негізі хангыль алфабитін жаттау оңай. Әріптерін жазғанда өзара байланыс бар. Мен сізге курста осыны үйретемін. Айтылуы жағынан басқа тілдерге қарағанда көп қиналмайсыз тіл бұрап

Кореяда білім алғысы келген, жұмысқа тұратын, көшіп бара жатқан, өзі үшін үйренем деген жандарды курстың алғашқы деңгейіне шақырамын. "Құлпынаймен кәрісше үйрен" авторлық жобамда 2 жыл ішінде 2,000-нан аса шәкірт оқыды.

Курс кімдерге арналған?

Жас мөлшерінде шектеу жоқ. Қазақстан, шет елдің түкпір-түкпірінен 10-60 жас аралығындағы оқушылар оқиды.

Сабақ қалай өтеді? Не үйреніп шығасыз?

Сабақ 1 айға созылады. Осы уақыт ішінде жабық инстаграм парақшада аптасына 2 рет кездесіп, әр сабақта 2 тақырып, 4 грамматика, 50 сөздік өтеміз. 1 күн бұрын видеосабақ, қосымша ақпарат,  лайфхактар беріледі. 24/7 сұрақтарға жауап беретін телеграм чаты бар. Үй тапсырмасын кәріс мұғалімі тексереді. 30 күнде әріптен бастап дүкеннен зат сатып алуға дейінгі деңгейге жетесіз. Уақыт, сағат, жыл мезгілі грамматика, ережелерді меңгеріп шығасыз.

Сабақ 20.11 басталады. Тікелей эфир сейсенбі 19.00, сенбі 14.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты) өтеді (эфир сақталады)

Бағасы 15.11-не дейін 10,000 тг (30,000вон), 16.11-нен бастап 12,000 тг (35,000вон)

Төлем бойынша ақпарат профиль сілтемесінде тұр

#кәрістіліонлайн#корейтілінқазақшаүйрену#корейтілісабағы#корейтілікурсы#корейтілінүйрену#кәрістілі#корейскийязык#корейтіліноқуғалайфхак#корейтілінбіргеүйренейік #корейтілікурс#한국어선생님#한국어배우기#한국어카자흐어#한국어공부#한국어카자흐어의료통역#한국어카자흐어통역#кулпынайкорея#
https://www.instagram.com/p/CWN_BVBv4Rh/?utm_medium=share_sheet
957 views14:32
Ашу / Түсініктеме
2021-10-09 16:27:36 КӘРІС ТІЛІН 6 АЙДА МЕҢГЕРІП, ОҢАЙ ОҚУҒА ТҮСІҢІЗ

“Құлпынаймен кәрісшені қазақша үйрен” авторлық курсымды 1 жылда 1,500 оқушы оқыды. Курстан соң топик тапсырып, оқуға түсу оңай. Алдыңғы постта айттым.

Бірнеше тілде еркін сөйлейтін кез-келген адамнан сұраңыз. “Мына тіл қиын болды, үйрене алмадым” деп айтпайды. Желаниесі болса, Африканың масаиларымен өз тілінде әзілдесуге болады Оның қасында корейше үйрену тіпті оңай. Күнде дорамасын көріп, клипін тыңдап, құлағыңызға жат естілмейді.

Айтпақшы, бүгін корей халқы үшін мереке 9 қазан - Хангыль әліпбиі күні. 1997 жылы дүниежүзі лингвистері “Әлем ескерткіші” ретінде танып, ЮНЕСКО мұрасы деп бағалаған. Бұл күні Кореяның бірнеше қаласында конференция, кездесу өтеді. Филологтар, лингвистер бас қосады. Хангыль әрпі қалай дыбысталса, солай қағазға түседі. 1994 жылы “Discovery” ғылыми журналы әліпбиді оригинальный деп бағалаған.

Барлық әрпін бір сабақта меңгеріп, бірінші деңгейден сөйлем құрауға болады. Кеше постта айтқандай, Кореяға оқу түспес бұрын менен тіл үйреніңіз. Авторлық методпен оңай есте сақтауға болатын лайфхактарды айтам 1 айда еркін 1 абзац сөйлем құрап, әңгімелейтін деңгейге жетесіз Тапсырманы тыңғылықты орындасаңыз, есіңізден қайтіп шықпайды

Ендеше жекеге шығып, сабақтың басталу уақыты 16-қазанға жазылыңыз.

Сабақ жабық инста парақшада әр сейсенбі 17:00-де, әр сенбі 13:00 де (Нұр-Сұлтан уақытымен) тікелей эфир өтеді. 1 деңгейді 1 ай оқисыз.

Бағасы: 11.10.21 - не дейін 10,000 теңге (30,000вон),
12.10.21-ден бастап 12,000 теңге (35,000 вон) болады.

Бір айға 10,000 теңге - бір рет фастфуд сатып алғанмен бірдей. Оның қасында білімге жұмсаған ақша артығымен ақталады. Болашағым қашан басталады деп уақыт жоғалтпай, бүгіннен қолға алыңыз.

Дәл қазір шапкадағы сілтемеге өтіп, шектеулі орынның біреуіне жайғасыңыз.
Кәріс тілін 6 айда оңай жетік меңгеруге болады. Курсты жеке тәжірибеме сүйеніп жасадым.

Ал, дайынсыз ба? Кімнің көктемде оқуға түсетін ойы бар?

#корейтілінқазақшаүйрену#құлпынайменкорейтілінүйрен#корейтілісабағы#кәрістіліонлайн#корейтілікурсы#корейтілінбіргеүйренейік #한국어선생님#한국어배우기#한국어카자흐어#카자흐스탄인을위한한국어#
https://www.instagram.com/p/CUznMzmln07/?utm_medium=share_sheet
1.8K views13:27
Ашу / Түсініктеме
2021-09-28 02:27:50 КӘРІСШЕ ЖАЗУДЫ ҮЙРЕНУДІҢ 3 ЖОЛЫ

Көбіміз ауызша сөйлеп, сұраққа жауап беруді тез үйренгенмен, сауатты жазу ақсап тұрады. Элементарно таңбаны ұмытып қаламыз

Ал жазу тек TOPIC тапсырарда ғана емес, болашақта оқу оқып, жұмысқа тұрғанда өте қажет.

Біз кәріс емеспіз. Баста дайын база жоқ))) Орта жасқа келгенде үйреніп алуға тырысамыз. Біреу кәрісше сұрақ қойса, мидағы картотеканы қопарып, сақталған файлдарды ақтарамыз Курста үйренген ақпаратты еске түсіріп, жауап береміз. Сондықтан жазуды да зрительный память арқылы жаттап алуға тырысыңыз. Дара сөздерді емес, тұтас фраза етіп сақтаңыз. Жазғанда оңай болады.

Іс-әрекетті білдіретін етістіктің өзін ғана қағазға түсірмей, қасына үйлесетін зат есімді қатар жазыңыз. Зат есім+етістік. Осылай жазып, есте сақтаңыз. Кәрісше үйренудегі ең кең тараған қате - осы үйлесімділікке мән бермеу. Есесіне сөйлем құрап жазғанда қиналмайсыз.

Қазақ тілінде көп қолданылатын есімдік кәрістерде сирек кездеседі. Олар үшін тавтология (сөздердің қайталануы) қалыпты саналады.

Негізі бұл ньюанстардың бәрін курста толық айтып - түсіндіремін. Тіл үйренудегі ең тиімді лайфхактар, назар аудару қажет тұстарын айтамын. Бас салып кітаптағы дайын ақпаратты қайталап бермеймін. Күнделікті өмірде кәрістер қалай сөйлессе, оны да практика жүзінде үйретемін

Сондықтан жаңадан ашылатын потокқа үлгермей қалмаңыз. Хабарлаймын.

Дайынсыз ба?) Кімдер курстың алғашқы деңгейін күтіп жүр?

#корейтілінқазақшаүйрену#кәрістіліонлайн#корейтілісабағы#корейскийязык#корейтіліноқуғалайфхак#кәрістілі#кәрістіліндежазу#корейтілікурсы#한국어선생님#한국어배우기#한국어카자흐어통역#한국어공부#카자흐스탄사람#카자흐스탄인을위한한국어#카자흐스탄여자유투브#카자흐스탄여자#кулпынайкәрістілі#кулпынайкорея#
https://www.instagram.com/p/CSO9bQ8hRBT/?utm_medium=share_sheet
410 views23:27
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 15:52:35 1-деңгейдегі орыс тілінде аударма бар кітап, курсқа қатысқан және қатыспаған жандар қосымша ақпаратты осы жерден алсаңыздар болады
782 views12:52
Ашу / Түсініктеме
2021-08-07 16:46:06 “ҚҰЛПЫНАЙМЕН КӘРІСШЕНІ ҚАЗАҚША ҮЙРЕН”

авторлық курсым былтыр карантинде басталып, ай сайын жалғасып келеді. Үзілген де, тоқтаған да жоқ. Шүкір Сұраныс жоғары.

Осы жолы 14-тамызда (суббота) басталады. Тұп - тура 7 күннен соң Алғашқы деңгей. Әріптен бастап аздап сөйлем құрап, өзімізді таныстыруға дейін үйреніп шығамыз. Бұл - базалық деңгей Осы деңгейде барыңызды салып оқысаңыз, қалғаны оңай. Алып кетесіз. Тұрақтылық болса болды.

Жалпы сабақтың тапсырмасы көп болғанмен, ешкімді жалықтырмайды. Бас алмай оқып жүріп, 1 айдың қалай өткенін байқамай қалатындар көп.

Тамыз айының алғашқы курсынан неге қалмауыңыз керек?

Оқуға құжат тапсыратын болашақ студент, февральға дейін 6 деңгейін меңгересіз. 6 деңгейін үйреніп шыққан оқушылар тесттен сүрінбей өтеді. Университетке түсерде де проблема жоқ Оған 100% сенімдімін.

Басқа себеп болса да, кейінге қалдырудың не қажеті бар? Қазір мүмкіндікті пайдалансаңыз, ертең жемісін көресіз. Тәуекелшіл адам ғана жетістікке жетеді. Жұмысқа тұру, Кореямен бизнес бастау, уақытша өмір сүру, саяхаттау, аудармашылық жұмыс, т.б. жоспарлар Сізді жаңа деңгейге көтереді. Адам қанша тіл білсе, сонша мүмкіндікке ие болады.

Инстаграмда “өміріңізді өзгертіңіз, жаңа деңгейге көтеріліңіз” деп жиі жазады ғой Бірақ нақты формуласын бермейді. Жолын айтпайды. Ал мен сізге ең қарапайым жолы - тіл үйренуден бастаңыз дегім келеді.

Курс үшін ай сайын 10 мың көлемінде ақша төлеу қымбат емес. Кәріс тілін Кореяға кеп оқысаңыз, он есе қымбат төлейсіз. 6 деңгейдің ақысы әрі кетсе орташа сапалы ұялы телефонның бағасымен шамалас. Жо-жоқ, бұл курстың деңгейін білдірмейді. Бағасы мен білімнің айырмашылығын курсқа жазылғанда көресіз

Сонымен, “Құлпынаймен кәрісшені қазақша үйрен” авторлық курстың 1-деңгейі 14-тамызда басталады

Сабақ уақыты: әр вторник 17:00, әр суббота 15:00-де Нұр-Сұлтан уақытымен тікелей эфирде өтеді. Одан 1 күн бұрын видеосабақ беріледі

Бағасы 9-тамызға дейін 10,000 теңге (30,000вон), 10-тамыздан бастап 12,000 теңге (35,000вон)

Жекеге жазсаңыздар счет номер беремін

Ал сабақта кездескенше, достар! Орын саны шектеулі екенін ұмытпаңыздар

#корейтілінқазақшаүйрену#кәрістіліонлайн#корейтілісабағы#корейтілінүйрену
https://www.instagram.com/p/CSRnKBKBTHX/?utm_medium=share_sheet
1.4K views13:46
Ашу / Түсініктеме
2021-07-10 15:49:13 НАУРЫЗДА КОРЕЯҒА ОҚУҒА ТҮСЕСІЗ БЕ?

Онда 17.07 басталатын авторлық курсыма бүгіннен бастап жазылыңыз. Орын саны шектеулі Бір потокта 30-40 оқушы ғана қатыса алады.

100-200 адам жазылатын марафон емес. Аты курс болғанмен, заты жеке сабақ форматында өтеді. Тіл үйреніп жүргендер біледі. Әр талпынған оқушымен жеке - жеке жұмыс істеймін. Жаңа тақырыпты екі рет дайын видеосабақпен, келесі күні тікелей эфирде түсіндіремін.

Бірден айтайын: тапсырма көп болады, кері байланыс кезінде үй жұмысын от и до тексереміз. Осыған дейін айына 2 рет өткізген авторлық курсым оқимын деген оқушыға ыңғайлы. Алғашқы күннен ритмге түсіп, сабақты еш қиналмай игересіз. Бастысы, талап, мақсат, ниет, жылдамдығы жақсы интернет, күніне 2-3 сағат бос уақыт

Жеңілдік, кепілдік, бөліп төлеу атымен жоқ. Өйткені курс бағасы бар - жоғы 10,000 теңге. Дүниедегі ең тұрақты жағдай - менің курсымның бағасы шығар Қолжетімді болсын деп қымбаттатқан жоқпын. Кәріс тілінің 1 деңгейін 30 күн үйренесіз.

Неге наурыздағы оқуға қазірден дайындалу қажет? Арада 6 -7 ай бар. Қазір 1-деңгейінен үйреніп бастаңыз, 6 деңгейін толық қаңтар айында аяқтайсыз Ақпан айы ақпарат, құжат жинаумен өтеді. Оның өзі әжептәуір жұмыс, жүгіріс.

Курстың басталу күні 17.07.2021
Сабақ уақыты әр вторник 18:00, әр суббота 14:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен)

Бағасы 12.07-не дейін 10,000 теңге (30,000 вон)
13.07-нен бастап 12,000 теңге (35,000вон)

Жазылу үшін профильдегі ссылкаға өтіңіз

Тағы қандай сұрақтарыңыз бар? Оқуға түсетін қыз-жігіттер бар ма арамызды?)

#кәрістіліонлайн#корейтілінқазақшаүйрену#корейтілісабағы#корейтілінүйрену#кәрістілі#한국어선생님#한국어배우기#한국어카자흐어통역#카자흐스탄사람#카자흐스탄여자유투브#카자흐스탄여자#카자흐어통역#қазақшакәрісшеаудармашы#кулпынайтв#кулпынайкәрістілі#kulpynay_korea#кореядатұратынқазаққызы#
https://www.instagram.com/p/CRJatnIruBV/?utm_medium=share_sheet
174 views12:49
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 04:15:12

401 views01:15
Ашу / Түсініктеме