Get Mystery Box with random crypto!

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы БАӘ-де өткен Азия чемпионат | КТК жаңалықтары

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы БАӘ-де өткен Азия чемпионатында үздік атанды.

Қазақстандық спортшылар барлық 10 салмақта жұдырықтасып, 8 жекпе-жекте тұғырдың биігінен көтерілді. Осылайша жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

 Айта кетейік, Қазақстандық құрама сапынан Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Фариза Жолтай (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) алтын медаль алды.

Ал Валентина Кухта (57 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты. Оған қоса Марина Вольнова (75 келі) ел құрамасына қола медаль сыйлады. Құрлықтық додада өзбекстандық боксшы қыздар бір алтын, бес күміс пен екі қола медаль алды. Ал үндістандық боксшылар бір алтын, үш күміс және алты қолаға қол жеткізді.