Get Mystery Box with random crypto!

Грузияда түсірілім барысында Қазақстан актері Фархат Әбдірайым | КТК жаңалықтары

Грузияда түсірілім барысында Қазақстан актері Фархат Әбдірайымов қайтыс болды.

Бұл ақпаратты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі растады. Әбдірайымов Фархат Нұрсұлтанұлы 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған.

Алматы технологиялық университетін инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның актері болған еді. Ол «Шанхай», «Ақсуат», «Омпа», «Махаббат тәлкегі», «Сиқыршы демеуші» сынды фильмдерге түскен.