Get Mystery Box with random crypto!

Орасан зор мүмкіндігің барында, Жанып жастық жігеріңді, жалынд | "Поэзия әлемі" Ж.Жұмағали

Орасан зор мүмкіндігің барында,
Жанып жастық жігеріңді, жалында.
Өкінішті болмау үшін соңғы күн
Әр күніңді соңғы күндей қабылда.

Жүре бермей дүниенің соңында,
Ойлап қойғын ақыреттің қамын да.
Қорқынышты болмау үшін соңғы күн,
Әр күніңді соңғы күндей қабылда.

Өмір атты үлкен сый бар қолыңда,
Барыңды сал бақытыңның жолында.
Мағыналы болу үшін өмірің
Әр күніңді соңғы күндей қабылда.