Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyquni
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.95K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Кері байланыс үшін: @halyqadmin @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

1.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

3


Соңғы хабарлар 12

2023-04-27 09:46:20
Тоқаев: "Мемлекеттік тілді оқымаған және тиісті деңгейде меңгермеген азаматтар тіл білмегені үшін қысым көрмеуге тиіс"

"Сонымен қатар біздің қоғамда мемлекеттік тілді үйрену, оны білуге ұмтылу қалыпты жағдайға айналуы қажет.

Қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болады. Түптеп келгенде, бірнеше тіл білу – әр адамның мәдениеттілігінің белгісі. Ал мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді"
, - деді президент.

https://t.me/halyquni
2.7K viewsedited  06:46
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 08:24:29
Президент "Қазақстан халқы Ассамблеясын жабу керек" дегендерге жауап берді

Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысы өтіп жатыр.

"Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік болса ғана, тірлік болады. Біз осы мызғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек.

Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде "Ассамблеяның қажеті жоқ" деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт"
, - деді мемлекет басшысы.

https://t.me/halyquni
2.7K viewsedited  05:24
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 07:39:18
Серік Күдебаев ұсталды

Бұл ақпаратты Бас прокурор Берік Асылов растап, оның Түркияда ұсталғанын мәлімдеді.

https://t.me/halyquni
2.8K viewsedited  04:39
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 06:48:55 Шетелден әкелінген 100 мың көлік заңдастырылды - ІІМ

23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін алдын ала онлайн тексеруден өтіп, 200 мыңға жуық автокөлік заңдастыруға мақұлданып, оның ішінде 100 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды.

Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жалғастырып жатыр.

https://t.me/halyquni
2.8K viewsedited  03:48
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 12:38:16 Қазақстанда жаңадан екі банк құрылуы мүмкін

Қазақстанда жаңадан банк ашу талаптары жеңілдетілмек. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Айтуынша, KMF және Solva микроқаржы ұйымдары екінші деңгейлі банктерге айналуы мүмкін.

https://t.me/halyquni
425 viewsedited  09:38
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 09:07:29
"Дүкенге баруға қорқасың". Депутат қымбатшылық халықты қысып жатқанын айтты

https://t.me/halyquni
1.7K viewsedited  06:07
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 08:26:15 Қазақстанда проблемалық кредиттерді сатуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстандық коллекторларға проблемалық кредиттерді сатуға тыйым салынуы мүмкін.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

https://t.me/halyquni
1.6K viewsedited  05:26
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 07:04:06
Оралда гараж жарылды: 3 адам қаза тапты

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар 4 оттегі баллонын шығарып үлгерді.

Гараждан денесі табылған 41 жастағы әйел мен 21 жастағы ер адамның жеке басы анықталды, үшінші адамның денесі сараптамаға жіберілді.

https://t.me/halyquni
2.3K viewsedited  04:04
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 14:02:39
Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны мүлкін тәркілемей, 8 жылға соттауды сұрады

Сатыбалдыға қылмыстық кодекстің 389-бабы, 28 және 125 бабында көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылған.

https://t.me/halyquni
2.6K viewsedited  11:02
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 13:03:20 Маңғыстауда магнитудасы 4,5 жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулері 13.25-те тіркелген.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, эпицентрі Форт-Шевченкодан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым және Шетпеден солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым.

https://t.me/halyquni
2.6K viewsedited  10:03
Ашу / Түсініктеме