Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР? БҮГІН СІЗДЕРМЕН “АҚША ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН | 💰GULMIRA QARASAI

ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР? БҮГІН СІЗДЕРМЕН “АҚША ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН ЕҢ ОҢАЙ 5 ӘДІС” ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСЕМІЗ

“5 конверт әдісі”


Бұл өте оңай әрі тиімді әдіс. Барлық табысты бірнеше бөлікке бөлеміз. Осы тұста айта кету керек, айлық алғанда оны банкоматтан шешіп алуыңыз керек. Ақшаны ұстап, көру арқылы сіз оның қайда кетіп жатқанын сезінесіз.

Мәні неде? Сіз айлығыңызды алғаннан соң, оны шығарып алдыңызға қоясыз. Сөйтіп оны бөлесіз:
-менің мақсатыма (машина, үй, саяхат, демалыс, оқу)
-аяқ-асты болатын жағдайлар үшін (кран тесіліп қалады, машинаның дөңгелегі жарылады …)
-тамақ
-ары-бері жүргенге (той-томалақ, туған күн ..)
-міндетті төлемдер (ипотека, кредит, ком.қызметтер…)

Сіз өзіңізге қарай ыңғайлы етіп атын жаза аласыз. Немесе қосымша конвертте қоса аласыз, бірақ 5-тен кем болмауы керек. Енді бұл жерде “ЗАҢ” бар.

1. ЕШҚАШАН БІР КОНВЕРТТЕН АҚШАНЫ АЛЫП, ЕКІНШІСІНЕ ҚОСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Егер сіз мысалы қонақ шақырғыңыз келеді, бірақ “тамаққа” деген конвертте ақша жоқ. Бұл жағдайда сіз келесі айға қонақ шақырасыз. Басқа конверттегі ақшаны алуға БОЛМАЙДЫ!

2. БАСҚА КОНВЕРТТЕН УАҚЫТША АЛУҒА БОЛМАЙДЫ. Мысалы, сіз “тамақ” конвертінен ақша алуды ұмытып кетіп, “міндетті төлемдер” деген конверттен ақша ала салдыңыз. Дүкеннен келгеннен соң орнына қоямын деп ойлайсыз. Бірақ бұл дұрыс емес! Сіз ұмытып кетуіңіз мүмкін! Салғыңыз келмей қалуы мүмкін! Ең дұрысы үйге келіп, қажетті конверттен ақша алу керек.

3. КРЕДИТТІК КАРТА АШПАЙМЫЗ! Бұл адамды еліктіретін, жолдан тайдыратын карта. Сіз үшін банк тегін беріп жатқандай сезіледі. Шындығында, үлкен пайызбен банкке қайтарасыз. Ал, сатым алған заттарыңыз сізге мүлдем қажет болмауы да мүмкін.

ЖАЛҒАСЫ БАР…