Get Mystery Box with random crypto!

ЖАҢА ИПОТЕКАЛЫҚ ПРОГРАММА ҚР-да 11-12% төмендетілген пайыз | 💰GULMIRA QARASAI

ЖАҢА ИПОТЕКАЛЫҚ ПРОГРАММА

ҚР-да 11-12% төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болады

- Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінің артуына және "7-20-25" бағдарламасының аяқталуына байланысты 2023 жылы 500 млрд теңге немесе 35 мың пәтер мөлшерінде ипотекаға қанағаттандырылмаған сұраныс болжануда. Жеке құрылыс салушылар коммерциялық тұрғын үй сатылымының төмендеуіне тап болуы мүмкін. Осыған байланысты екінші деңгейдегі банктердің нарықтық ипотекалық бағдарламалары бойынша халық үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігін іске қосу ұсынылады, - деп мәлімдеді "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында

Ипотека шарттары:
Бастапқы жарна — 20-% бастап.
Сатып алатын бағасы ең көп сомасы-Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкентте 35 000 000 -ға дейін. Қалған өңірлерде 25 000 000-ға дейін.
Қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме-жылдық ГЭСВ 11-12 %
Ипотека мерзімі-20 жылға дейін.