Get Mystery Box with random crypto!

бір күні өтірік бетперде тағудан шаршайсың. әзіл ұнамаса күлме | ғажайып

бір күні өтірік бетперде тағудан шаршайсың. әзіл ұнамаса күлмейсің, шынайы сезімдеріңді көрсетуден қорықпайсың, жанына жақын нәрсені таңдайсың.

бір күні есейесің. бөлмеңді таза ұстайсың, ойларыңды бақылайсың. ақпараттық ортаңда өзіңе шын ұнайтын парақшаларды қалдырасың.

дәл сол күн - бүгін.
және бүгін әлемге: "мен мінсіз де, мықты да емеспін. менен мінсіздік күтпей, жайыма қалдырыңдаршы" деп айтқым келеді.