Get Mystery Box with random crypto!

Өмірлік жолымда құлаған сәтте жаныма жауапкершілік жүгін лақты | ғажайып

Өмірлік жолымда құлаған сәтте жаныма жауапкершілік жүгін лақтырып кеткен тәрізді. Оны көтеруге әлім келмейтін бала күйінде көзім мөлдіреп жан-жағыма қарап қоямын. Жанымда да бала күйіндегі ересектер көп. Ал мен ашулымын. Өзіме, айналама, әлемге. Жылап, ренжу үшін ештене түсінбеген адам болу керек. Ал менің санамда әр сауалыма жауап, ренішіме ақтау бар. Тек жауапкершілікті көтеріп, бірге алып жүру керек. Бұл өмірде мені қолдай алатын тек өзім ғана бар екенмін. Соны біле тұра өзімді емес, өзгелерді құтқаруға асығыппын. Қазір болса жанымда жоқ адамдарға қарағанда өзіме қаттырақ ренжулімін. Мейіріміңді өзіңе бір қасық болсын қалдырсаң қайтті?? Сені, жаным-ау, сені өзіңнен басқа кім құтқарады? Өзің алдап жүрген адамға кім сенім білдіреді? Айтшы, кім?

10шілде. 16:07