Get Mystery Box with random crypto!

негізі мен меломанмын. ішкі күйіме сай келетін әуенді тапсам ж | ғажайып

негізі мен меломанмын. ішкі күйіме сай келетін әуенді тапсам жалығып кеткенше тыңдай беремін. әуенді кім айтады, хит па, ескі ме қарамаймын.

кейде музыка өмірімнің бір бөлшегі сияқты болады. мұңайғанда жұбатады, қуанышты сәттерге қайта апарады. ал кейде жылатады. жүректен шығып, жүрекке жетеді.

маған адамдар әуен жіберсе қуанамын. өзім жібергенде де ерекше сезімде боламын. ол адам сол әуенді тыңдап, шабыт алуы мүмкін. немесе сол әуенге билейді. болмаса ұйықтайды. мен жіберген әуенді тыңдап, ойлануы мүмкін.

әуен біз жеткізе алмайтын көп сезімдерді түсіндіретін сияқты. бірақ әуен өміріңді құрамауы, жәй толықтыруы өте маңызды. бастысы жүректегі әуен өшпесін