Get Mystery Box with random crypto!

< жәй менің ойларым. > оқуымды аяқтап, дипломымды алатын уақы | ғажайып

< жәй менің ойларым. >

оқуымды аяқтап, дипломымды алатын уақыт жақындап келе жатыр. мамандығым - мейіргер. бірақ өзімді оқу аяқтайын деп жатқандай сезініп жүргенім жоқ. сезіну үшін естеліктерімді есіме алдым, енді пост жазбақ болдым ; )

"мейіргер болу тек халатыңнын аппақ болуы емес, көңілін мен ниетіннің тазалығы. және медицина қызметкері пациентті тек дәрімен ғана емес, жылы көзқараспен, жылы сөзбен емдейді." 4жыл ішінде алған түсініктердің ең ерекшесі осы болды. медицина үлкен жауапкершілікті талап ететінін, ал адам өмірінің қаншалықты маңызды екенін бәріміз де білеміз ғой. ал жанағы түсінік маған бәрінен қатты ұнайды. денсаулық сыр бергенде, ауруханаға жатпаған кездің өзінде адамдар ашулы, сабырсыз әрі ештенені жақтырмайтыны белгілі. ал әр пациентке жылы көзқараспен қарау, ауырған жанын түсіне білу көп адамның қолынан келе бермейді. бірақ осы төрт жылда сондай мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің біразын көрдім. оларды бақылағанда бір жылу сезінемін. мүмкін жұмыстарын сүйіп жасайтындықтан болар деп ойладым. бірақ медицинаны жақсы көріп таңдайтын адамдар өте аз. шын мәнінде жауапкершілігі мол шешім емес пе?)

айтпақшы, бүгін мейірбикелер күні. бәріне мейірім тіледім, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңдер. ал ауырып қалсаңдар кейінге қалдыра бермей, бірден емделіңдер. денсаулық тек тілек айтқанда ғана емес, приоритеттерімізде де алғашқы орында тұрсын ; )