Get Mystery Box with random crypto!

Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарламасы арқылы мажарст | Gov2Jastar

Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарламасы арқылы мажарстан жоо-ларына түсуге өтінімдер қабылдау басталды

Құжат қабылдау 2023 жылғы 18 қаңтарға дейін өтеді. Өтінімдер Egov.kz электронды Үкімет порталы арқылы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қабылданады.

Үкіметаралық келісімдер аясында Мажарстан тарапынан бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға 250 грант бөлінді.

«Қазақстандықтарға Мажарстанның 28 жетекші университеті ұсынылады. Оқу мажар немесе ағылшын тілінде өтеді. Мажар тілін білмейтін қазақстандықтар үшін тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы жыл сайын үкіметаралық гранттар аясында Қазақстан азаматтары үшін Еуропа мен Азияда бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқуға 500-ге жуық грант бөлінеді», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Грант мажар тілі курстарынан өту, академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сондай-ақ студенттерге ай сайын стипендия төленеді.

Бағдарламаға қатысу шарттарымен Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтында танысуға болады - bolashak.gov.kz

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімді келесі сілтеме арқылы тапсыруға болады.

@G2Jastar