Get Mystery Box with random crypto!

Студенттер мен жас журналистерді сөз бостандығы, ақпарат алу қ | Gov2Jastar

Студенттер мен жас журналистерді сөз бостандығы, ақпарат алу құқығы және журналист қауіпсіздігі туралы MediaTalks-ке шақырамыз.

Жыл сайын 10 желтоқсанда халықаралық Адам құқықтары күні атап өтіледі. Осы айтулы күн қарсаңында журналистермен бірге MediaTalks жасап, сөз бостандығын, ақпарат алу құқығы мен журналистер қауіпсіздігін талқылаймыз.

MediaTalks іс-шарасы 9 желтоқсан, сағат 11.00-де (Астана уақытымен) KIMEP университетіндегі (Абай даңғылы, 2/1) №3 залда өтеді.

Кіру тегін, сол жерде тіркелуге болады. Басқа қалада тұратын қатысушылар ZOOM-дағы онлайн-трансляцияны көре алады. Бұл үшін сілтемеге өтіп, тіркеле қалыңыз.

@G2Jastar