2022-02-08 15:02:36
-Сəлеметсіз бе, біз Сеул қалалық полиция бөлімшесінен боламыз. Бүгінгі іске байланысты түсініктеме алсақ дейміз— Мин У сатушы қыздың алдына келді.
-Иə айта беріңіздер.
-Бүгін сəби жоғалғанда осы жерде сіз болдыңыз ба?
-Жоқ! Мен жаңа ғана келдім. Біз мұнда ауысыммен жұмыс жасаймыз. Алайда біз кешкісін ауысуымыз керек еді, бірақ менің алдымда тұрған жұмысшы бүгінгі істен соң өзін нашар сезініп тұрғанын айтып, маған ертерек келуімді өтінді.
-Не? Ол кетіп қалды ма?— Тэмин айқайлай сөйлеген еді сатушы қыз шошып кетті.
-Эй Тэмин ақырын! Кешіріңіз бикеш. Ол осында тұрақты жұмысшы ма?
-Тұрақты деп айта алмаймын! Мұнда жұмысқа тұрғанына 1 аптадан енді асты.
-Есімі кім?
-Ким Чжэ У! 20жаста.
-Ким Чжэ У.. Ал оның қайда тұратынын білесіз бе?
-Өкінішке орай білмеймін. Ол өзі жайлы көп айта бермейтін. Өте тұйық жігіт болды.
-А, бұл жерде жарық жиі өшеді ме?
-Жарық? Жоқ! Бұл жерде жарық мүлде өшкен емес.
-Алайда бүгін қылмыс болғанда жарық сөнген екен.
-Жоқ! Мүмкін емес. Себебі мен келесі көшеде тұрамын. Дүкенде жарық өшше, бізде де міндетті түрде өшеді. Ал бізде бүгін жарық өшпеді.
-Солай деңіз! Ендеше Ким Чжэ У бала ұрлығы ісіне күдікті. Егерде ол осында келер болса, бірден бізге хабарлаңыздар. Берген түсініктемеңіз үшін рахмет—ЧунМён жылы жымиып иілді.
-Міндетті түрде хабарлайтын боламыз! Сіздергеде рахмет.
-Біздің күдігіміз расталды. Оның расында бұл іске қатысы бар! Біз қайтсекте Ким Чжэ Уды табуға тиіспіз. Іздеуді бастаңдар!
-Құп болады ханым! Біз мəліметтерді тапқан бойда сізге хабарлаймыз. Мин У кеттік!
-Неге үнемі мен?
-Жүрсеңші енді — Тэмин Мин Уды сүйреп алып кетті. ЧунМён Мин Удың ісіне қарап күліп тұрғанында, кенет өзіне қарап тұрған Йаминоның көзқарасын сезді.
-Б-бірдеңе болды ма?
-А? Не дейсің? Ештеңе!
-Маған неге қарап тұрсыз?
-Болмай ма не?
-Енді былай...ыңғайсыз екен!
-Қойшы эй! Жүр қылмыскерді іздейік— Йамино іштей сөйлеп сасқалақтап тез жүре бастады.
-Ханым?
-Сымбаттысың!
-А?! Маған айтып тұрмысыз?
-Не? Əрине саған емес. Не керек? Неге шақыра бересің? Қылмыскерді іздемекпін, ойымды бөле берме.
-Менде соны айтпақ едім. Қылмыскерді жаяу жүріп іздемессіз..
-А?!
-Егер жаяу жүре берсеңіз, мен көлікпен кете берейін—ЧунМён күліп көлікке отырды. Йамино ұялып ернін тістеді де, ақырын көлікке келіп отырды.
-Жұмысқа беріліп кеткенім сонша, ойымды жинақтай алар емеспін.
-Көрініп тұр—ЧунМён күлді де жүріп кетті.
-Ханым Ким Чжэ У деген адам жер бетінде жоқ. Ол расында жалған ат жамылып жүрген қылмыскер.
-Ащщ! Біз сəл ертерек барғанда оны ұстай алар едік. Енді оны қалай табар екенбіз?
151 viewsКумамон Йамино Уайт.|BALÁSTOR| танский., 12:02