Get Mystery Box with random crypto!

EDU NEWS

Telegram арнасының логотипі edu_news_qz — EDU NEWS E
Telegram арнасының логотипі edu_news_qz — EDU NEWS
Арна мекенжайы: @edu_news_qz
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 79.24K
Арнадан сипаттама

Қазақстанда білім саласындағы №1 канал.
Ұсыныстар бойынша 📥 @Zhanasilkz
№1 канал в сфере образования в Казахстане.
По вопросам обращаться 📥 @Zhanasil

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2021-12-22 21:06:21
1.5K views18:06
Ашу / Түсініктеме
2021-12-22 21:06:21
1.5K views18:06
Ашу / Түсініктеме
2021-12-22 21:06:21
1.4K views18:06
Ашу / Түсініктеме
2021-12-22 21:06:21 Сіздерге жыл сайынғы сенім рейтингісі аясында жүргізілген сауалнаманың негізгі қорытындыларын ұсынамыз (2022 жылдан бастап рейтинг тоқсан сайын жүргізілетін болады).

18 және одан жоғары жастағы 3000 қатысушыдан (өңірлер бойынша халық санына пропорционалды бөлінген) сауалнама алынды.

Сауалнама ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында анонимді түрде онлайн жүргізілді.

Сауалнама қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:
1. Президентке халықтың 68,5% сенеді. Пандемияға және өзге де мән-жайларға қарамастан, 2 жыл ішінде бұл көрсеткіш 7,3% - ға (2019 жылы 60,8%) өсті.

2. Халық Президентке өңірлердің әкімдеріне қарағанда көбірек сенім артады. Президентке деген сенім деңгейінен ең артта Алматы қаласы, ШҚО және Шымкент қаласы қалып тұр (27% - дан астам).

3. Президентке бәрінен бұрын Солтүстік облыстар мен Атырау тұрғындары сенім артады:
- Қостанай (81,6%);
- Павлодар (77,1%);
- Атырау (75,2%);
- Ақмола (75,0%);
-Солтүстік Қазақстан Облысы (74,1%).

Ең төмен (күтпеген жерден!) сенім деңгейін Нұр-Сұлтан (55,9%) және Алматы қалалары (58,7%) көрсетті.

4. Өз өңірінің әкіміне бәрінен бұрын Қостанай (72,8%), Павлодар (67,8%) және Солтүстік Қазақстан (64,7%) облыстарының тұрғындары сенеді, ал ең төмен сенім көрсеткіштері Алматы (31,5%), Шымкент (37,9%) және Нұр-сұлтан (39,3%) тұрғындарында байқалды.

Алдағы күндері сауалнама қорытындыларының толық нұсқасы жарияланады.
1.4K views18:06
Ашу / Түсініктеме
2021-12-22 08:04:01 Ардагер ұстаз Зүлпия әпкемізден жас мұғалімдерге пайдалы кеңес:

1. Кей оқушылар үйінен таппаған жылуды мектептен, ал ата-анасынан таба алмаған мейірімді мұғалімінен іздеп келетінін қаперіңде сақта. Әрқашан әрбір оқушының алдында өзіңді ұстай біл, әрі абай бол!

2. Оқушылардың жүзінен сұраулы және күдікті мұң байқап қалсаң, оны барша оқушылар алдында сұрап мазасын алма, ол ұялады. Сол күні сол оқушымен сынып жетекшісі сөйлесе алмауы мүмкін. Сынып жетекшісі болмаса, өзің жеке шақырып, кабинетке көңілсіз оқушының жағдайымен танысуды біл. Оның көңілін көтеріп, болашаққа бағдар бер!

3. Сыныптағы ең нашар оқушымен тіл табысу үшін оның психологиялық мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай қайсысына жататыны біліп ал. Олар: флегматик, холлерик, сангвинник, меланхолик т.б түрлеріне қарай бөліп, белгілеп жазып жүргенің дұрыс. Осы типтес мінез-құлықтағы балалар бір партада отырып қалмауы тиіс. Мәселен: Екі холерик немесе екі меланхолик бір партада отырып қалса, екі холерик төбелескіш болуы мүмкін, ал екі меланхолик бірге отырып қалса, мәңгүрттікке тұтылары сөзсіз..

4. Ата-аналармен тығыз байланыста болғын. Оқушылардың әлеуметтік жағдайына қарай мектептен бөлінген жәрдемді ешбір оқушы немесе сынып оқушылары білмеуі тиіс. Жәрдем жасырын берілсін.

5. Мектеп жасынан мұғаліміне сыйлық апарған оқушының бағытын ашуың керек. Жағымпаздыққа баулымауымыз керек!

6. Ең нашар оқушыны белсенді оқушылар қатарына көтеру үшін оны әр сабақта назардан тыс қалдырмай, сабаққа нашар жауап берсе де "шамалы дұрыс жауап бердің" деп мақұлдай түсуің керек, жұлдызы шағылмас үшін. Немесе нашар мұғалімнен оқушының жұлдызы шағылып түтілген болуы мүмкін. Сондай оқушылар белсенді болғысы келмей тұрады. Оларды алға жетелейтін сенде амал мен айла көп болуы керек!

7. Мұғалім оқушылардың шуылдағанын жек көріп, оларға ашуланбауы керек және оларға дауыс көтеріп жазаламауы тиіс! Себебі: Оқушыларды әрбір сыныпқа кірген мұғалім өзіне психо-биологиялық тартылыспен ұстай алмағаны үшін өзі кінәлі...

8. Әрбір сыныпқа кірген әрбір мұғалім оқушылармен етене танысып, олардың отбасындағы хәл-ахуалына қарай отырып, оларды бөлектемей, тек сырласу мен сыбырласа отырып, өзіне қаратып алуы тиіс...

9. Жаман оқушы жоқ, жақсы мұғалім болмауы мүмкін. Сапасыз мұғалім ашулана береді, жаман әйелге ұқсап, өз басын алып жүре алмайтын мұғалімдер баршылық...
Алла жастардың зердесін ашсын!

Зүлпия ТӨРЕБЕКОВА,
Қазығұрт кенті,
Ардагер ұстаз
1.2K views05:04
Ашу / Түсініктеме
2021-12-21 21:58:39 Батысқазақстандық Жансұлтан Нұрмұханов 2018 жылы «Болашақ» бағдарламасы арқылы Ұлыбританияда білім алып келген. Қазір ол ауыл мектебінде жұмыс істейді: директор әрі тарих пәнінен сабақ береді.

https://azattyq-ruhy.kz/person/31900-angliia-men-polshada-bilim-algan-bolashak-tulegi-bko-nyn-auyl-mektebinde-sabak-beredi
672 viewsedited  18:58
Ашу / Түсініктеме
2021-12-21 13:37:33 «Кейбір аймақтарда әлі сол бұрынғы жүйе»: соңғы екі жылда педагог мәртебесі қалай өзгерді?

https://azattyq-ruhy.kz/society/31897-keibir-aimaktarda-sol-buryngy-zhuie-ozgergen-zhok-song-y-eki-zhylda-pedagog-m-rtebesi-kalai-ozgerdi
1.1K views10:37
Ашу / Түсініктеме
2021-12-21 12:32:45
Поздравляем .

Команда студентов КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева (Казахстан) прошла в финал международного Конкурса «Разрешение споров в ЕАЭС-2022». По итогам двух этапов конкурса наша команда занимает 1 место среди лучших вузов России, Белоруссии, Узбекистана, Армении, Кыргызстана.

За выход в финал наша команда соревновалась в устных раундах с командой НИУ ВШЭ (Россия) и одержала победу. Вторым финалистом стала команда РАНХиГС (Россия).

Состав команды:
Садуова Алуа Бауржанқызы
Фазылжан Әділ Әлімұлы
Бектибаева Диана Куанышбековна
Байконырова Жанель Шаттыковна

Тренер: Абай Абылайұлы, Assistant professor, руководитель образовательной программы "Международное право" Высшей Школы Права КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева.

Поздравляем их и желаем победы в финале, который состоится 25 января в городе Москва (Россия)!
1.2K views09:32
Ашу / Түсініктеме
2021-12-20 14:03:12
САБАҚ КЕСТЕСІ!

Құрметті түлектер, Ұлттық тестілеу орталығы мен Республикалық "QAZBILIM" орталығы бірлесе отырып дайындаған тегін онлайн сабақтардың осы аптаға арналған сабақ кестесін ұсынамыз.

20.12.21. Дүйсенбі. Математика. Қайрат Бекболат
21.12.21. Сейсенбі. География. Динара Бауыржанқызы
22.12.21. Сәрсенбі. Дүниежүзі тарихы. Дархан Болғамбай
23.12.21. Бейсенбі. Қазақ тілі. Алтыншаш Әбутәліп
24.12.21. Жұма. Ағылшын тілі. Мөлдір Дуанқызы
25.12.21. Сенбі. Адам. Қоғам. Құқық. Мэлс Қайырбекұлы

Онлайн сабақтар "QAZBILIM TV" YouTube арнамызда, тікелей эфирде жүреді.
(https://youtube.com/c/QAZBILIMTV)
Тікелей эфир барысында сұрақтар қою мүмкіндігі қарастырылған.

Біздің YouTube арнамызға тіркеліп қойыңыз.
Сабақ күнде тікелей эфирде, 20:00-де басталады.

2022 түлектерін, достарыңызды белгілей кетіңіз. Сапалы тегін сабақтан, тегін білімнен қалмасын! Өткізіп алмаңыздар!
690 viewsedited  11:03
Ашу / Түсініктеме