Get Mystery Box with random crypto!

Босниялық 'Вележ' футбол клубының бір топ жанкүйерлері төрешіл | ДОДА

Босниялық "Вележ" футбол клубының бір топ жанкүйерлері төрешілер отырған көлікті өртеп жіберді. Өртеліп жатқан көліктен дер кезінде шығып үлгерген төрешілер аман қалды.

Жанкүйерлердің наразылығы "Вележдің" (0:2) есебімен "Борац Баня Лукадан" ұтылып жатқан кезінде туды. Алаңға жүгіріп шыққан жанкүйерлер ойынды тоқтатып тастады. Бұл жайттан хабардар болған Босния және Герцоговина футбол федерациясы "Вележдің" техникалық жеңіліске ұшырағандығы жайлы жария етті. Қорытынды есеп (0:3).