Get Mystery Box with random crypto!

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өт | ДОДА

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпинатының іріктеуі аясында Украинамен тең ойнады.

Ойын бүгін, 1 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Арена" стадионында өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды.

Кездесудегі есепті қонақтар ашты. Екінши минутта "Бенфиканың" шабуылшысы Роман Яромчук әдесі соққы жасап, Стас Покатиловты қапыда қалдырды.

74-минутта Асхат Тағыбергеннен тамаша пас алған Руслан Валиуллин гол соғып, есепті теңестірді.

Ал ойынның 90+3 минутында алаңға тыңнан шыққан Данила Сикан Покатилов қақпасына гол соғып, Украина құрамасын алға шығарған.

Алайда біздің жігіттер соңына дейін берілмеді. 90+6 минутта Руслан Валиуллин ойындағы екінші голын соғып, таразы басын тағы да теңестірді. Осылайша матч та өз мәресіне жетті. Екі құрамалар еншілеріне бір-бір ұпайдан салды.