Get Mystery Box with random crypto!

Кәсіпқой бокста 14 кездесу өткізіп, 8 кездесуде қарсыласы нока | ДОДА

Кәсіпқой бокста 14 кездесу өткізіп, 8 кездесуде қарсыласы нокаутпен жеңген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың (14-8-0) келесі кездесуі қашан өтетінін белігілі болды.

Boxrec ақпараты бойынша, орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз келесі кездесуін 11-қыркүйек күні Ресейдің Екатеринбург қаласында өткізеді. Бірақ қарсылас әлі анықталмаған.

Нұрсұлтанов соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылдың желтоқсан айында сол Екатеринбург қаласында шығып, ресейлік Илья Баландиді (4-3-1) төрешілердің шешімі бойынша жеңді.

Айта кетейік, дәл осы бокс кешінде 2016 жылы Рио Олимпиадасында қазақстандық Василий Левитті "күмәнді" жеңген Евгений Тищенко (8-1-0) да шығады. Оның қарсыласы 35 жастағы ресейлік Дмитрий Кудряшов (24-4-0) болады.