Get Mystery Box with random crypto!

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ПСЖ командасының ойынысы р | ДОДА

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ПСЖ командасының ойынысы ретінде бірінші баспасөх жиынын өткізді, деп хабарлайды RMC Sport басылымы.

"ПСЖ сапына ауысқаныма қуаныштымын. Жанкүйерлер менің "Барселонадан" қалай кеткенімді біледі. Бірақ Парижге келгеннен кейін, көңілім орнына түсті.

Жаңа командаммен жаттығуды асыға күтудемін. Жаңа командаластарыммен де тез танысқым келеді. ПСЖ басшылығына алғысымды білдіремін. Келіссөздер жылдам әрі жақсы өтті.

Мұнда ауысуымның басты мақсаты - Чемпиондар лигасын жеңу. ПСЖ командасында мықты футболшылар жиналған. Сол үшін де көп ойланбай келісімшартқа қол қойдым. Барлық париждік жанкүйерлерге алғыс айтамын. Мұнда ұшып келгенде осынша көп адам жиналады деп ойламадым. Бұл мен үшін тосын сый болды десем де болады", - деді Месси.

Мессимен келісімшарт 2+1 жүйесінде жасалған. Яғни келісімшарт мерзімі - екі жыл, бірақ оны кейін тағы бір жылға ұзартуға болады.