Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандық ауыр атлет Майя Манеза қыз баланы дүниеге әкелді. | ДОДА

Қазақстандық ауыр атлет Майя Манеза қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы спортшының өзі Facebook парақшасында жазды.

"Құрметті достар, бүгін менің өмірімде өте маңызды, қуыншты сәт. Біз жұбайым Вячеслав екеуміз кішкентай сұлудың ата-анасы атандық. Біздің Алина нағыз сұлудың өзі. 4 кило 54 сантиметр болып туылды. Күт күттірген қызым үшін Жаратқанға алғыс айтамын", - деп жазды Манеза.

Айта кетейік, Манеза 2009 және 2010 жылдары әлем чемпионы атанды. Ал 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында алтын жүлде алған еді. Бірақ 2016 жылы допинг сынақты қайта тексерістен кейін ол алтын жүлдесінен айырылып, екі жылға спорттан шеттетілді.