Get Mystery Box with random crypto!

Англия плей-оффқа үшінші ойынын өткізбей-ақ жолдама алды 'С' | ДОДА

Англия плей-оффқа үшінші ойынын өткізбей-ақ жолдама алды

"С" тобында 4 ұпаймен көш бастап тұрған Англия құрамасы бүгін Словениядан ұтылып қалса да 1/8 финалға шығады. Себебі 4 ұпаймен үшінші орын алған құрамалар арасында үздік көрсеткішпен қосымша жолдаманы иеленіп-ақ тұр.

Гарет Саутгейт шәкірттері Еуропа чемпионатының басты фавориті саналған. Алайда алғашқы екі ойыннан кейін ағылшындардың ойын өрнегі үлкен сынға ұшырауда.

Топтағы бірінші орнын сақтап қалу Англия құрамасына тиімді. Себебі жеребе сәтті жалғасады, 1 күн артық демалысы болады.