2021-05-04 17:24:40
Бүгін "Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі іс-шараларды өткізу" және "Өмірде қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру" тақырыптары бойынша мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті.
Конкурстық комиссия мүшелеріне 12 өтінім қарауға жіберіліп, өтінімдерді 16 сарапшы қарады.
Конкурстық комиссия отырысының жұмысын "Астана – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің тәуелсіз бақылаушысы Сәулет Әбуов бақылап отырды. Сондай-ақ, отырыс онлайн форматта Орталықтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында көрсетілді, отырыс барысын жүзден астам көрермен тамашалады.
Қалған төрт тақырып бойынша сараптама комиссиясының отырысы жақын арада өтеді.
Байқау нәтижелерімен сараптама комиссиясының хаттамасынан үзінді көшірмеде танысуға болады.
___________________________ Сегодня состоялось заседание конкурсной комиссии по предоставлению государственных грантов по 2 темам: «Проведение мероприятий по популяризации государственного языка среди молодежи» и «Разработка и реализация комплекса мер по поддержке семей с детьми, находящихся в трудной жизненной ситуации».
Конкурсные заявки рассматривали 16 экспертов. Членам конкурсной комиссии были направлены на рассмотрение 12 заявок.
За работой заседания конкурсной комиссии наблюдал независимый наблюдатель от проектного офиса «Астана – Адалдық алаңы» Саулет Абуов. Также заседание транслировалось в онлайн формате на странице Центра в социальной сети Facebook, где его просмотрели более ста зрителей.
По четырем оставшимся темам заседания экспертной комиссии состоятся в ближайшее время.
Ознакомиться с результатами конкурса можно в выписке из протокола Экспертной комиссии.
#CISCkz #ЦПГИкз
74 views14:24