2022-04-28 11:59:25
Президентке Ішкі істер министрлігінің жұмысы туралы есеп берілді
Марат Ахметжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа:
еліміздегі криминогендік жағдай туралы мәлімет берді.
Атап айтқанда, қылмыстық істер көрсеткіші 7,6 пайызға төмендеген. Соның ішінде денсаулыққа ауыр зақым келтіру, қарақшылық, тонау, мал ұрлығы, бұзақылық, алаяқтық және зорлау деректері айтарлықтай азайған.
қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеп-тексеру, кінәлілерді анықтап, жауапқа тарту, ұрланған қаруларды заңсыз айналымнан алу жұмыстары жөнінде есеп берді.
қауіпсіздік мәселелерін қоғаммен серіктестік орнату арқылы шешуге негізделген полицияның сервистік моделінің енгізілгенін мәлімдеді.
Ішкі істер министрлігінің қызметін бюрократиядан арылту, цифрландыру және жұмыс үдерісін автоматтандыру, ішкі рәсімдерді оңтайландыру жөнінде баяндады.
үдерістерді жедел басқару үшін Big Data талдау құралдарын пайдалана отырып, криминогендік жағдайды мониторингтеу үшін ІІМ-нің Ахуалдық сараптама орталығының құрылғаны жөнінде айтты.
Қауіпсіздік мәселелерін азаматтық қоғаммен серіктестік орнату арқылы қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны жөнінде мәлімет берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент полицияның сервистік моделін одан әрі енгізу, елімізде азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Мемлекет басшысы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жауапкершілікті қатаңдату қажет екенін ерекше атап өтті.
t.me/bort_01
584 viewsedited 08:59