Get Mystery Box with random crypto!

БОРТ N1 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі bort_01 — БОРТ N1 🇰🇿 Б
Telegram арнасының логотипі bort_01 — БОРТ N1 🇰🇿
Арна мекенжайы: @bort_01
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 3.19K
Арнадан сипаттама

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 16

2022-12-22 16:57:27 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

Мемлекет басшысының бірлескен брифингте сөйлеген сөзінің тезистері:

Бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде былтыр тауар айналымы шамамен 4 миллиард долларға жетті, бұл қарқын биыл да сақталып отыр. Осы жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы шамамен 5 миллиард долларға жетеді

Сауда-саттықты одан әрі дамыту мақсатында тауарлар номенклатурасын кеңейту және елдеріміздің сауда-экономикалық ықпалдастығын тежейтін кедергілерді жоспарлы түрде жою үшін тиісті шаралар қабылдауға келісті

Өнеркәсіп кооперациясы саласындағы өзара іс-әрекетті кеңейту — басым міндет. Машина жасау, фармацевтика, құрылыс және жеңіл өнеркәсіп салаларында 10 бірлескен кәсіпорын ашылып, табысты жұмыс істеп жатыр

Кеше аймақаралық бизнес-форум аясында құны 2,5 миллиард доллардан асатын өзара тиімді коммерциялық келісімшарттарға қол қойылды. Жалпы, сапар қорытындысы бойынша құны 8 миллиард доллардан асатын инвестициялық келісімдер мен екіжақты құжаттарға қол қойылды

Мемлекеттеріміз арасындағы серіктестікті кеңейтуге Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы тың серпін беруге тиіс. Ол Орталық Азиядағы ең ірі сауда-өнеркәсіп хабына айналып, елдеріміздің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді

Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша елдеріміз арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы тауар айналымы 30 пайызға артып, 1 миллиард доллардан асты

Дарбаза – Мақтаарал темір жол құрылысын тезірек аяқтау үшін күш салуға уағдаласты. Бұл Сырдария стансасына шығуға мүмкіндік береді. Аталған бағыт «Сарыағаш» өткізу пунктінің транзиттік әлеуетін кеңейтуге және жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендердің ресурсын тиімді пайдалану мәселелеріне қатысты үйлесімді жұмыстарды жалғастыру келісілді

Энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективалары, атап айтқанда, жеткізу, транзит және көмірсутегін өңдеу мәселелері қарастырылды. Екі ел үкіметтеріне энергетика саласындағы екіжақты қатынастардың өзекті бағыттары бойынша нақты ұсыныс беру тапсырылды

Сапар аясында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер де талқыланды. Әсіресе, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды

t.me/bort_01
4.0K viewsedited  13:57
Ашу / Түсініктеме
2022-12-22 16:54:38
t.me/bort_01
3.8K views13:54
Ашу / Түсініктеме
2022-12-22 16:30:56 Глава государства посетил выставку «Абай. Наследие братских народов», посвященную жизни и творчеству великого поэта и мыслителя Абая.

Мероприятие направлено на дальнейшее укрепление уз дружбы и братства между нашими народами и странами.

t.me/bort_01
4.1K views13:30
Ашу / Түсініктеме
2022-12-22 16:30:53
t.me/bort_01
4.4K views13:30
Ашу / Түсініктеме
2022-12-22 16:30:29 Мемлекет басшысы Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының аясында Ташкент қаласында өтіп жатқан «Абай. Бауырлас халықтар мұрасы» атты ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көрмеге барды.

Бұл көрме – екі ел арасындағы достық пен бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

t.me/bort_01
4.1K views13:30
Ашу / Түсініктеме
2022-12-22 16:03:40 С привлечением инвестиций Казахстана в Навоийской области Узбекистана будет открыто совместное предприятие по производству минеральных удобрений

В рамках государственного визита Президента Касым-Жомарта Токаева в Узбекистан был запущен ряд совместных проектов, в числе которых предприятие по производству фосфорных и комплексных минеральных удобрений в Навоийской области.

Проект стоимостью 1,3 миллиарда долларов будет реализован с участием ТОО «Казфосфат», АО «Узкимёсаноат».

На первом этапе проекта в 2022-2024 гг. на базе АО «Навоиазот» планируется запуск производства калиевой селитры (100 000 тонн) и сульфата калия (100 000 тонн).

Реализация проекта позволит создать 150 рабочих мест. Второй и третий этапы производства будут продолжены в Алмалыке и Фергане.

t.me/bort_01
4.4K viewsedited  13:03
Ашу / Түсініктеме
2022-12-22 16:03:33
t.me/bort_01
4.2K views13:03
Ашу / Түсініктеме
2022-12-22 16:03:27 Қазақстан инвестициясымен Өзбекстанның Науаи облысында минералды тыңайтқыштар кәсіпорны ашылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында екі елдің бірлескен бірқатар жобасы іске қосылды. Соның бірі – Өзбекстанның Науаи облысында фосфор және кешенді минералды тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорын.

«Қазфосфат» ЖШС және «Узкимёсаноат» АҚ қатысуымен жүзеге асырылатын өндірістің жобалық құны – 1,3 миллиард доллар.

Жобаның 2022-2024 жылдарға жоспарланған бірінші кезеңінде «Навоийазот» базасында калий селитрасы (100 мың тонна) мен калий сульфаты (100 мың тонна) өндірісін жолға қою жоспарланып отыр.

Жоба аясында 150 жұмыс орны ашылады. Ал өндірістің екінші және үшінші кезеңдері Алмалық және Ферғана қалаларында жалғасады.

t.me/bort_01
4.4K viewsedited  13:03
Ашу / Түсініктеме
2022-12-22 13:25:27
Президенты Казахстана и Узбекистана провели переговоры в расширенном составе

– Подтверждением образцового характера наших межгосударственных связей станет подписание Договора о союзнических отношениях. Если мы назовем договор документом исторического значения, я думаю, это не будет преувеличением. Этот прорывной документ открывает для нас новые горизонты и в полной мере отражает обоюдное стремление двух стран к дальнейшему сближению. Кроме того, сегодня будет подписан Договор о демаркации казахско-узбекской государственной границы. Это историческое Соглашение полностью завершает международно-правовое оформление государственной границы Казахстана на его южных рубежах, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.

t.me/bort_01
398 views10:25
Ашу / Түсініктеме
2022-12-22 13:25:11
t.me/bort_01
458 views10:25
Ашу / Түсініктеме