Get Mystery Box with random crypto!

БОРТ N1 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі bort_01 — БОРТ N1 🇰🇿 Б
Telegram арнасының логотипі bort_01 — БОРТ N1 🇰🇿
Арна мекенжайы: @bort_01
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 3.19K
Арнадан сипаттама

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 11

2022-12-29 10:26:45 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Біз экономиканы одан әрі дамытуға барынша күш салуымыз керек. Келесі жылы ЖІӨ өсімі кемінде 4 пайыз болуға тиіс. Ал, ақшаға шаққанда алғаш рет 250 миллиард долларға жетуі қажет. Ұлттық банк пен Үкіметтің алдында тағы бір маңызды міндет тұр. Бұл – инфляцияны ауыздықтау. Тұрмысы төмен тұрғындарға оның қатты тиетіні анық. Осы мәселені шешпесек, экономиканы өркендету мүмкін емес.

Халықтың әл-ауқатын арттыру және елге инвестиция тарту қиынға соғады. Сондай-ақ, жаңа өндірістер салып, жұмыс орындарын ашу керек. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту өте маңызды. Әйтпесе, инфляцияның өсуінен азаматтарымыз үлкен зиян шегуі мүмкін. Денсаулық сақтау және білім беру жүйесіне баса назар аудару қажет. Осы орайда, барлық жоспарымыздың орындалу барысын бақылауға алу керек. Соңғы кезде кейбір аймақтарда болған төтенше жағдайлар ел ішінде қордаланған мәселе көп екенін көрсетті. Алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу керек. Бұл – өңірлік саясаттағы негізгі міндеттің бірі»

t.me/bort_01
4.5K views07:26
Ашу / Түсініктеме
2022-12-29 10:25:41 Глава государства:

«Я озвучил эти проблемы на недавнем заседании Правительства. По целому кругу ключевых для страны проблемных вопросов, Правительство не проявляет должной активности, медленно принимаются решения. Полагаю, что в ближайшее время эффективность работы Правительства должна повыситься, поскольку ими принимаются меры и действия по разрешению ситуации. Я намерен, в начале нового года по предложению Премьер-министра осуществить ряд кадровых изменений в Правительстве. В целом все задачи, стоящие перед Правительством – масштабные и актуальные»

t.me/bort_01
4.7K views07:25
Ашу / Түсініктеме
2022-12-29 10:25:26 Мемлекет басшысы:

«Мен жақында өткен Үкімет отырысында бұл мәселе бойынша нақты айттым. Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша Үкімет лайықты белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр. Үкімет осы олқылықтарды түзету үшін әрекеттерін қолдануда, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын. Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жаңа жылдың басында Үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер жасамақшымын. Жалпы, Үкіметтің алдында тұрған мақсаттар – өте ауқымды және өзекті»

t.me/bort_01
4.6K views07:25
Ашу / Түсініктеме
2022-12-29 07:17:40 Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды


Указом Главы государства Азимова Эльвира Абилхасимовна назначена Председателем Конституционного Суда Республики Казахстан с 1 января 2023 года.

t.me/bort_01
2.5K views04:17
Ашу / Түсініктеме
2022-12-29 06:03:40 Глава государства поздравил Динару Садуакасову с успешным выступлением на чемпионате мира по шахматам

Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил Динару Садуакасову, завоевавшую серебряную медаль в дисциплине рапид на чемпионате мира по шахматам в Алматы.

Глава государства отметил, что в нашей стране гордятся достижениями казахстанских шахматистов на мировом первенстве. По его словам, успехи наших спортсменов на международных турнирах служат ярким свидетельством высокого уровня отечественной школы шахмат и вдохновляют молодежь активно заниматься этим видом спорта.

Президент пожелал талантливой шахматистке Динаре Садуакасовой новых побед и ярких свершений.

Кроме того, Глава государства передал теплые пожелания Жансае Абдумалик, которая также добилась высокого результата на чемпионате мира в Алматы.

t.me/bort_01
800 viewsedited  03:03
Ашу / Түсініктеме
2022-12-29 06:03:31 Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен Динара Сәдуақасованы құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс медаль иеленген Динара Сәдуақасованы құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан шахматшыларының әлем чемпионатындағы жетістіктері еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті. Оның айтуынша, спортшыларымыздың халықаралық турнирлердегі әрбір жеңісі осы спорт түрімен айналысатын жастарды қанаттандырады және бұл Қазақстан шахмат мектебінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Президент дарынды шахматшыға талмай еңбек етіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Алматыда өтіп жатқан осы әлемдік сайыста жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Әбдімәлікке де ізгі тілегін жолдады.

t.me/bort_01
809 viewsedited  03:03
Ашу / Түсініктеме
2022-12-28 14:47:55 Глава государства принял председателя Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Мадину Абылкасымову

Президент заслушал отчет об итогах работы финансового рынка и деятельности по регулированию финансовых организаций за 11 месяцев 2022 года. Касым-Жомарту Токаеву было доложено, что в текущем году, несмотря на сложные макроэкономические условия, обеспечена стабильность и устойчивость банковского сектора.

Как сообщила Мадина Абылкасымова, активы банков выросли с начала года на 14,4% и достигли 43,1 трлн тенге. Вклады населения увеличились на 16,8% или до 15,7 трлн тенге.

В целях стимулирования кредитования экономики Агентством приняты регуляторные меры по высвобождению капитала и ликвидности, смягчены требования к залоговой политике. В результате, кредитование экономики увеличилось с начала года на 20,1% или до 22,2 трлн тенге, в том числе кредиты бизнесу выросли на 7,3% или до 8,3 трлн тенге, кредиты малому и среднему бизнесу на 8,6% или до 4,9 трлн. тенге.

Президенту были представлены меры по ограничению закредитованности населения. В частности, снижены ставки вознаграждения по микрокредитам, ужесточен расчет коэффициента долговой нагрузки, приняты индивидуальные планы банков и микрофинансовых организаций (МФО) по работе с проблемными кредитами. В целом, ужесточены требования к деятельности микрофинансовых и коллекторских организаций. В текущем году прекращена деятельность 23 МФО и 35 коллекторских агентств.

По информации председателя Агентства, на страховом рынке введены новые социальные страховые продукты и созданы условия для цифровизации страховых услуг. На фондовом рынке усилена защита розничных инвесторов, число которых за два года увеличилось в 4 раза и составило 526 тысяч.

По итогам встречи Президент обозначил ряд задач, направленных на дальнейшее развитие регулирования и обеспечение стабильности финансового рынка.

t.me/bort_01
4.3K views11:47
Ашу / Түсініктеме
2022-12-28 14:47:47
t.me/bort_01
3.8K views11:47
Ашу / Түсініктеме
2022-12-28 14:47:40 Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Президентке биыл 11 айда қаржы нарығын дамыту және қаржы ұйымдарын реттеу жөнінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысына биылғы күрделі макроэкономикалық жағдайларға қарамастан банк секторының тұрақтылығы мен орнықтылығы қамтамасыз етілгені жөнінде баяндалды. Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, банктердің активтері жыл басынан бері 14,4 пайызға өсіп, 43,1 триллион теңгеге жеткен. Халықтың салымдары 16,8 пайызға немесе 15,7 триллион теңгеге дейін көбейген.

Сонымен қатар экономиканы кредиттеу ісін ынталандыру мақсатында Агенттік капитал босатуға және өтімділікке қатысты реттеу шараларын қабылдап, кепілзат саясатына қойылатын талаптарды жеңілдетті. Нәтижесінде экономиканы кредиттеу көрсеткіші жыл басынан бері 20,1 пайызға немесе 22,2 триллион теңгеге дейін артты. Оның ішінде бизнесті кредиттеу көлемі 7,3 пайызға немесе 8,3 триллион теңгеге дейін өскен, сондай-ақ шағын және орта бизнесті кредиттеу көрсеткіші 8,6 пайызға немесе 4,9 триллион теңгеге дейін ұлғайған.

Президентке халықтың шамадан тыс кредит алуын шектеу шаралары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, микрокредиттердің сыйақы мөлшерлемесі төмендетіліп, борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу тәсілі қатаңдатылды. Сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарының (МҚО) проблемалық кредиттермен жұмыс істеу жөніндегі жеке жоспарлары қабылданды. Жалпы микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың қызметіне қойылатын талап күшейді. Биыл 23 микроқаржы ұйымы мен 35 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды.

Агенттік төрағасының мәліметінше, сақтандыру нарығында жаңа әлеуметтік сақтандыру өнімдері енгізіліп, сақтандыру қызметтерін цифрландыру үшін жағдай жасалған. Қор нарығында жеке санаттағы инвесторларды қорғау шаралары күшейтілді. Олардың саны екі жылда 4 есе артып, 526 мыңға жеткен.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу ісін одан әрі дамытуға және осы салада тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

t.me/bort_01
3.9K views11:47
Ашу / Түсініктеме
2022-12-28 13:41:29 Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам контроля специфических товаров»

t.me/bort_01
5.1K views10:41
Ашу / Түсініктеме