Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін | БОРТ N1 🇰🇿

Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады

Жансейіт Түймебаев Президентке:
оқу орнының бір жылда атқарған жұмыстары мен алдағы даму жоспарын таныстырды;
ғылыми жобалардың тиімділігі мен кадрлардың әлеуетін арттыру және оқу ордасының 90 жылдығы қарсаңында ҚазҰУ қалашығын қайта жаңғырту жөніндегі ұсынысын жеткізді;
2024 жылға қарай университет еліміздің ғылыми-техникалық дамуының перспективті деген бағыттары бойынша 650-ден астам ғылыми жобаны жүзеге асыратынын жеткізді;
ескірген жатақханалар мен тозығы жеткен оқу корпустарының жай-күйі, 2 мыңнан астам оқытушы мен қызметкердің баспанаға мұқтаждығы жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы білім сапасын түбегейлі жақсарту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру мәселелеріне назар аударып, университет басшысының ұсыныстарын қолдады.

t.me/bort_01