Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын одан | БОРТ N1 🇰🇿

Мемлекет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын одан әрі дамыту стратегиясымен танысты

Райымбек Баталов Президентке:
ҰКП-ны трансформациялау жолдарын таныстырды;
микро және шағын бизнесті қолдауға мән бере отырып, мекеменің қызметін трансформациялау туралы шешім қабылданғаны туралы айтты;
Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді;
салалық сараптаманың сапасы мен жауапкершілігін арттыру үшін бизнесті жұмылдыру жөніндегі ҰКП-ның жоспарын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекеннің» қызметін жүйелі түрде өзгерту қажеттігін қолдап, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес-қоғамдастықтың құқығын қорғауға ықпал ететін институт ретінде ҰКП-ны реформалау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

t.me/bort_01