Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан Президенті ҚХР Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэні қабылда | БОРТ N1 🇰🇿

Қазақстан Президенті ҚХР Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэні қабылдады

Қазақстан Президенті өзінің 2019 жылғы қыркүйекте Пекинге мемлекеттік сапары мен биылғы ақпанда ҚХР-ға жұмыс сапары барысында қол жеткізілген маңызды уағдаластықтардың жүзеге асырылуына оң баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы қыркүйекке жоспарланған мемлекеттік сапарына Қазақстанның үлкен үміт артып отырғанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында бітімгершілік және әскери-техникалық салалардағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ бітімгершілік операцияларындағы қатысу географиясын кеңейтуге еліміздің дайын екеніне баса мән берді. Президент Пекиннің аталған әмбебап ұйым аясында ұжымдық миссия өткізу туралы бастамасын қолдады.

Вэй Фэнхэ Қытай тарапының осы саладағы өзара тиімді кооперацияны одан әрі дамытуға дайын екенін растады. Министр Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына жоғары баға берді.