Get Mystery Box with random crypto!

Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездес | БОРТ N1 🇰🇿

Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

– Сауда-саттыққа қолайлы жағдай жасауға баса мән беру керек. Ол үшін тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жою, протекционизмге жол бермеу жұмыстарын жан-жақты жүргізген жөн деп есептейміз. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты іс-әрекеттерді жолға қою қажет. Келесі жылы Астанада өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер министрлерінің конференциясы осы салада ортақ тәсілдер қарастыруға арналады. Осы саладағы министрлер белсенді қатысады деп сенеміз.

ТМД кеңістігінде көлік-логистикалық жобалардың тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастықтың жаңа механизмдері мен форматы керек. Осы тұста «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің маңызы артып отыр, сондай-ақ «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» темір жолы маңызды көлік бағыты ретінде зор рөл атқарады,
– деді Президент.

t.me/bort_01