Get Mystery Box with random crypto!

ҚУАНЫШТЫ ХАБАР Санаулы минуттар бұрын «Хабар» арнасынан тікел | batyrbloger

ҚУАНЫШТЫ ХАБАР
Санаулы минуттар бұрын «Хабар» арнасынан тікелей эфиріндегі «Алғысым шексіз» телемарафонында «Харекет» қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі Ақтөре Еркін үш баланы тәрбиелеп отырған, баспанаға мұқтаж Баян Байрамоваға үш бөлмелі пәтердің құжатын табыстады

Баян Байрамова отбасымен 2009 жылы елордаға көшіп келген. Жолдасы қар тазалайтын техника жүргізеді. Күн-түн демей еңбек етеді. Ал өзі үй шаруасында, мүмкіндігі шектеулі болған соң жұмыс істей алмайды. 3 баласы бар. Кенжесі Диляра церебралды сал ауруына шалдыққан.

Міне, бүгін үй-күйсіз, қиын жағдайда жүрген ана Баян Байрамованың арманы орындалып, баспаналы болып, жарқын болашаққа үміті оянды. «Хабар» Агенттігінің атынан Баян отандасымызды және оның отбасын жаңа пәтерімен шын жүректен құттықтаймыз! Осындай игі іс жасап, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созған әрбір жанға алғыс білдіреміз!