Get Mystery Box with random crypto!

Мынау менің Қызылордам ғой Тура өзімді көргендей болдым Аста | batyrbloger

Мынау менің Қызылордам ғой
Тура өзімді көргендей болдым
Астанаға келген жылдарым. Көлігім жоқ еді. Балаларды балабақшаға тасу керек. Сонда жатақханамыздың қасында арнайы велосипедтер тұратын. Бұрынғы велосипедтер сияқты ортасында рамасы жоқ. Тек алдында пакет салатын сеткасы болатын. Азанда жұмысқа шыққанда қызымды да киіндіріп алып шығамын. Сол пакет қоятын алдындағы ящикке өзіме қаратып отырғызып аламын. Содан балабақшаға қарай басамыз. Кейде тұрақта велосипед болмай қалатын. Балабақшамыз да алыста болатын. Жарты сағат жүріп барамыз. Арнайы велосипед жолағы деген жоқ. Көліктермен жағаласып жетеміз. Сол кезде қорқыныш дегенді білмегенбіз бе, әлде амалдау ма, әлде басқа вариант болмағасын солай жасаймыз ба? Велосипедтен құласаң, көлік соқса, өзіңнің де, баланың да аман қалуы шамалы. Кешке жұмыстан шыққанда жүгіріп балабақшаға барамын. Балабақшаның қасынан тағы велосипед алып, алдына отырғызып алып үйге қайтамыз. Сол кезде жаман күйде болатынмын. Себебі, қасыңнан көліктер өтіп бара жатады. Ішінде әкесі, анасы, балалары мәз болып, жылы көліктің ішінде қуанып бара жататын. Қызымды сонда айналасына қарамасын деп өзіме қаратып ананы-мынаны айтып алдайтынмын. Біз зато машиналардың арасымен өтіп кетеміз. Кептелісте тұрмаймыз. Көрдің бе сен мені құшақтап отырсың. Машина жүре алмайтын жерлермен жүре аламыз деп. Балаларыма жақсы әке болуға тырысып жүрмін. Қазір, Аллаға шүкір балаларды көлікпен тасимын. Шіркін, сол кезде мен де Алладан балаларымда бәрі болса ғой деп сұрайтынмын Бұл әке де солай сұрайды ғой