Get Mystery Box with random crypto!

Жалпы медицина мамандары екпені салдыру пәлекеттен алдын алу д | batyrbloger

Жалпы медицина мамандары екпені салдыру пәлекеттен алдын алу деп жатыр ғой. Жалпы бұл ғана емес өз басым көптен бері жұмыс басты болып емханаға тіпті тексерілуге бармай жүріп, денсаулық саласындағы өзгерістерге мән бермеппін.

Өз басым қайта жөндеуден өткен медициналық мекемеге кіргенде таң қалдым. Барлығы су жаңа құрылғы. Кірер кезде тіпті арнайы аппарат көмегімен автоматты түрде дене қызуымды өлшепте алды. Іштей, мінекей Тәуелсіздіктің 30 жылдығында медицина саласында жеткен жетістігімізді ауыз толтытырып айтуға болады ғой , деп қуанып қалдым.
Былтырдың өзінде ақ халаттылардың орташа еңбекақысы отыз пайызға артқан. Ал орта медициналық қызметкерлердің жалақысы болса 20 пайызға өскен болатын. Сондай-ақ, өткен жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңарту бойынша бірқатар жобалар іске асты. Мәселен өңірлердегі медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдығын толықтыру шарасы қолға алынды. Бұл жұмыстар өз кезегінде медициналық қызмет сaпacын оның тиімділігін әрі қoлжeтімділігін арттыруға арналған. Тәуелсіздіктің 30 жылында денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер ел патриотының барлығын дерлік қуантары анық.

Сонымен денсаулығыма мән берейін деп дәрігерлік тексеруге кірдім. Екі медицина маманы өзара әңгіме барысында өткен жылы еліміз бойынша он алты тез құрылатын жұқпалы аурулар ауруханасы салынғанын және үш жұқпалы аурулар ауруханасының жаңартылғанын айтып, бір жылдағы жасалған жемісті жұмысты баяндап отыр екен.

Расымен де солай, деп менде әңгімеге кірісіп кеткенім бар емеспе?) Білуімше, аудандық ауруханалар уақытылы диагностика жасау үшін 53 рентген құрылғысымен қамтылып, оның қырық тоғызы отандық өнім екендігін жеткіздім. Тіпті, 259 денсаулық сақтау ұйымы қосылған ұлттық телемедициналық желі арқылы консультациялық қызметтер көрсету белсенді дами бастағаны бар. Егеменді елдің 30 жылындағы атқарылған жұмыс жемісі уақыт өте тек артатынына сенім білдіремін.
Деніміздің сау болғаны үлкен бақыт қой, шіркін! Саулығымыздың қадірін біле жүрейікші.