Get Mystery Box with random crypto!

Өткенде бір жақсы танысым туған күн кешіне шақырды. Оның прогр | batyrbloger

Өткенде бір жақсы танысым туған күн кешіне шақырды. Оның программист екенін ескеріп, жақсы бір гаджет көрейін деп электроника дүкендеріне барсам, бағалары удай қымбат. Содан ешнәрсе алмай жұмысқа кеттім. Жұмыста техника тілін білетін достарым бар еді. Гаджет іздегенімді айтып едім, дереу ұялы телефондарынан мен алмақшы болған гаджеттердің түр-түрін көрсетті. Мен таңданып, бірден саған келуім керек екен ғой деп күлдім:) Бұлардың бәрі қайда» десем, «интернет-дүкендерде толып тұр ғой, оған қоса өздері-ақ жеткізіп береді» деді, «болды ғой онда, тапсырыс берейік» деп бір смарт-сағатқа тапсырыс бердік. Сол күні кешке курьер жеткізіп, есіктің алдына дейін әкеліп берді. Сыйлықты алып шақырған туған күнге барып, сыйлығымды табыстадым.

Жалпы, бізді айтпағанда интернет-дүкен деген нәрселерге үлкендер онша сене бермейді ғой. Электронды сауда осы пандемия кезінде әсіресе актуалды болып кеткен екен. Тәуелсіздіктің 30 жылында бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі 1,1 трлн тг белгісінен асып түсіп (1 019 млрд тг – ішкі интернет-алаңдар, 144 млрд тг – шетелдік интернет-алаңдар), жалпы бөлшек тауар айналымының 9,7%-ын құрапты. (11,6 трлн тг). Интернеттегі сатып алушылар саны 20%-ға жуық өсіп, 2019 жылғы 3,2 млн сатып алушымен салыстырғанда 3,8 млн белсенді сатып алушыны құрады. Бүгінде нарықта 650-ге жуық интернет-дүкен жұмыс істейді. Ал өзіміздің отандық өндірушілердің шетелдік платформалардан бой көрсетуі – тіпті үлкен жетістік. 50 компания қытайлық платформаға шығуы жоспарланған, олар біздің елдің сатып алушыларымен ғана емес, шетелдік клиенттерді де тартатыны сөзсіз.

Көп танысымның интернет-дүкені бар, алайда базар барып, сауда жасап, қолмен ұстап көріп үйренгендіктен аса қызығушылық танытпаймыз, сенім артпаймыз дегендей. Алайда, сенімді платформадан тапсырыс берсеңіз, алаяқтардан аулақ болуға болады екен. 30 жылы ішінде елдің сыртқы саудасы реттеліп, әлемнің барлық сауда платформаларына кірігіп, әрекет жасап жатыр. Елде өндірілген тауарды экспорттаушыларға 2021 жылы өтелген қаражат – 3 жарым миллиард теңгеден асыпты. Жалпы, интернет-дүкен бизнестің оңай әрі сенімді түрі ме деп қалдым. Мысалы, киімнің суреттерін жариялайсың, тапсырыс алсаң, тапсырыс бересің және сатасың. Осылай.