Get Mystery Box with random crypto!

Менің нағашы ағамның бір інісі мықты бағдарламашы. IT саласын | batyrbloger

Менің нағашы ағамның бір інісі мықты бағдарламашы. IT саласын бірінші Қазақстанда, одан соң шетелде меңгеріп, білімін жетілдірді. Қазіргі таңда ай сайынғы табысы – 2 млн.теңгені құрап отыр екен. Сол кісінің айтуынша, қазіргі таңда студенттерге субисидия беру мәселесі қаралып жатыр екен. Әр оқушыға 600 мың теңге жоспарланған. Astana Hub-тың IT мектептер мен студенттерді даярлау бағдарламасы екен.
 
Ел Тәуелсіздік алған 30 жыл дамымаған сала жоқ. Әсіресе, еліміз егемендік алып, осы компьютер, IT саласындағы прогресске ілесе кетті. Бүгінде технопарктер талай мамандарды даярлап, оқытып, олардың алды тіпті шетелдерге кетіп, мықты, адуынды компанияларда отырса, соңғылары елімізде кемі миллион теңге табыс тауып, өз білімін өзіне пайдалынып, дамып жатыр. Стартаптарды құру, басқару, пайда табу функцияларын сәтті орындап шыққан. Қазақстанды шет елдік алаңдарды таныту саласында IT тақырыбында мақалалар жазған, қоғаммен байланыс саласында мемлекеттік және жеке компанияларды жұмыс істеген, заң ғылымдарын жетік меңгерген мамандар жиналған. Ұжымның әрбір мүшесі кем дегенде 3 тілді жетік меңгерген. Цифрландыру бағдарламасы президенттің инновациялық экожүйе идеясын жүзеге асыру. «Astana Hub» стартаптарды дамыту бойынша жаңа бағдарламалар легін, яғни технопарктің екінші акселераттау бағдарламасын және жас IT жобаларды кешенді дамытатын стартаптар қоғамы жұмыс жасайды.
 
Алдағы уақытта балаларымды осындай технопарктерде оқыту жоспарымда бар. Болашақтың мамандығы ғой. Компьютерлер бізді емес, біз компьютерлерді басқаратын заман болсын да тек. Тәуелсіздігімізді алып, өз цифрландыру саламызды дамытып, өрлетіп жатқанымыз қуантады. Ал Сіз IT саласына қызығасыз ба, тағы не жайлы білгіңіз келеді?