Get Mystery Box with random crypto!

Өткенде болған бір қызықты айтайын... Жұмысқа асықпаған күндер | batyrbloger

Өткенде болған бір қызықты айтайын...
Жұмысқа асықпаған күндері жолай қол көтерген адамдарды ала кететінім бар. 1 қазан күні болатын. Ертесімен жұмысқа шықтым. Сол күні жұма болатын. Осы күнді бір жақсылықпен бастасам ғой деп ойланып келе жатқанмын. Ойланып келе жатқанымда жолдың бойында бір қария көлік тоқтатып тұр екен. Дереу тоқтай қалдым да атамызды көлігіме отырғызып алдым. Ата өзіңізді қалаған жеріңізге тегін жеткізіп салуға рұқсат етіңіз. Бүгін жұма, оған қоса бүгін сіздің мерекеңіз ғой дедім. Атам сол жерде батасын берді. Қуанып қалдым.

Көлікте радиоң бар ма деп радио қостырды. Жаңалықтарды тыңдап келе жатыр. Жаңалықтар тізгінінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылында жеткен жетістіктер жайлы айтылып жатыр екен. Атам барлық ақпаратты мұқият тыңдап отыр. Бір кезде 70- тен асқан атамыз әңгімені бастады. Балам, бүгін біздің мерекеміз. Осы күні сен секілді атаңа құрмет жасап жатқаныңа рахмет деді. Расында біздің қазынамыз саналатын қарияларымыз аман болсын.

Атам, бір жерге сықиып шыққан екен. Денсаулығы да жақсы екенін байқадым да: - Ата, денсаулығыңыз жақсара берсін, әлі де күш жігеріңіз бойыңызда екен ғой дедім. Атам болса, балам мен үш жыл қатарынан “Асыл жүрек” сауықтыру орталығына барамын. Міне соның нәтижесі осы деді. Бқл біздің зейнеткерлеріміз үшін қарастырылған жақсы жобалар деп есептеймін. Міне радиода айтылып жатқан жаңалыққа осыны қосып қойса, - деп күлімсіреді атам.

Шындығында үшінші мегаполисте бейнеттің зейнетін көріп жүрген қарияларға спортпен айналысып, әлеуметтік сауықтыру қызмет алуына толық мүмкіндік бар. 2019 жылы шаһарда «Асыл жүрек» әлеуметтік медициналық орталығы ашылған еді. Зейнеткерлердің бос уақытын ұйымдастыруға, ұзақ өмір сүруіне арналып ашылған орталық еліміздегі жетістік емеспе?!

Білесізбе мекемеде күніне төрт сaғaт тегін жартылай стационар бойынша арнайы қызметтер көрсетіледі. Соның ішінде ақысыз медициналық, спорттық, фитошәй, би, йога, музыка терапия, тұз шахтасы сияқты көптеген қызмет бар. Құрмет демалысына шыққандарға білікті ақ халатты абзал жандар да тегін емдік шарасын жүргізеді.

Жалпы атам, мемлекеттің қарияларға жасаған жағдайына дән риза. Айтуынша олар аптасына 2 күн бассейнге жүзуге де барады. Ол үшін мамандар Қажымұқан спорт кешенімен арнайы келісім шартқа отырған. Бұдан өзге апта сайын саябаққа серуенге шығу жоспарға да енгізілген. Соның арқасында жасарып жүрміз дейді ғой .

Егемендіктің 30 жылдығы тұсында қарттар мерекесі қарсаңында зейнеткерлерге әлеуметтік көмектер де жасалды. Осындай жетістік қатары арта берсін, деп бата беріп атам діттеген жеріне жетіп алды.

Көліктен түсіп бара жатып, ата мерекеңізбен әрі бүгін қазақ радиосы күні болып та бекітілген. Қос мерекеңізбен!, дедім де жұмысқа жақсы көңіл күйде жүріп кеттім.

Бәрімізге солай әдемі қартаю бұйырсын.