Get Mystery Box with random crypto!

Әр қазақ баспаналы болсын! Аумин дедіңіздер ма? Ал енді тың | batyrbloger

Әр қазақ баспаналы болсын!
Аумин дедіңіздер ма? Ал енді тыңдаңыздар Бір шындықты айтайын Мектеп бітіргенше 18-ге толасың. Университет бітіргенде 22-23те боласың. Үйленесің. Дүркіретіп той жасайсың. Тойдың кредитін жабасың. Балалы боласың. Жұмыс іздейсің. Табасың. Қолыңа ақша түсе бастайды. Сөйтіп жүргенде ох дейсің. Енді баспаналы болу керек дегеніңде жасың 25-ке келеді. Бірақ 30-ға дейін ойланбастан жүретіндер де бар. Содан, квартираға шығасың. Айлық аласың. Квартираға төлейсің. Солай жүргенде жылдар өтіп кетеді. Қарасаң жасың 40-қа келіп қалған. Әлі үйің жоқ. Әлі біреудің квартирасында жүрсің. Әлі біреудің ипотекасын жауып жүрсің. Былай қарасаң жарты өмірің үй алу үшін еңбек етумен өтіп кетеді. Сонда қашан өз үйің болып, төрінде шалқып жатып, көлігің болып, шетелге барып, қашан отдуши өмір сүреміз Әңгіме былай, осылай жүре бергің келмесе, мына суреттегідей үйде тұрып, өз үйіңнің кілтін ұстап, кинодағыдай рахаттанып өмір сүргілеріңіз келсе, ақша жинаңыздар, әрекет жасаңыздар. Біреудің өміріне қызыға бермей, әрекет жасаңыздар. Мысалы, қазір бас қаладағы бір бөлмелі пәтердің өзі 10 миллионнан басталады. Қазір баға күннен күнге өсіп жатыр. Бұлай кете берсе бір бөлмелі пәтер 20 миллион тұратын болады. Ашығын айтқанда, баспана саған керек. Баспаналы болғаның біреу үшін емес, алдымен өзің үшін керек. Ақша жинамасаң, біреу саған жинап бермейді. Біреу келіп саған баспана сыйлай салмайды. Сондықтан, ЖИНА! Есіңде болсын, біреу саған жинап бермейді
#әрқазақбаспаналыболсын

https://www.instagram.com/p/CQ09yeCLK_-/?utm_medium=copy_link