Get Mystery Box with random crypto!

tosap

Telegram арнасының логотипі bastanggy — tosap T
Telegram арнасының логотипі bastanggy — tosap
Арна мекенжайы: @bastanggy
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 737
Арнадан сипаттама

- кофенің ақ түсті көпіршігін, "авеню" деген сөзді, күшіктер мен джазды жақсы көремін.
автордың жеке парақшасы: https://instagram.com/farizheksen?r=nametag

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-04-20 09:16:04
22:40. босадық! 01:24. мистер бин ұқсап тұрып, самокат айдадық. 02:35. оттб. соңғы рет жарты+ жыл бұрын көрген жанар апаның есінде бар екенмін: "ты же в очках была" дегенде шок болдым. ән айтып, фоно тартып, күшті уақыт өткіздік. [кешегі таң біздікі болды!] қазір Атырауға қайтып барам, сау болыңдар<3
239 viewsedited  06:16
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 08:23:25 Пәлсапада әу баста адамға көп ғалым анықтама беріп, өзінше айдар таққан екен. «Әлеуметтік жануар», «мәдени жануар», «таза тақта», «машина» тағысын тағы.

Мен де ойланып көрдім. Адам – қағаз. Қалам – қоғам. Сызылған қағаз бар. Мыжылған қағаз бар. Жыртылғаны тағы бар. Түрлі-түсті болғанымен, ештеңе жазылмаған қағаз бар. Ақ парақ болғанымен, бір бос жері жоқ қағаз бар. Суреті көп қағаз бар. Санға толы қағаз бар. Дақ тиген қағаз бар.

Қағаздың түрі көп. Мыналарды оқып отырып небір адамдардың бейнесі көз алдыма келді. Қалам бүлдіруге батпайтын қағаз бар. Әспеттеп, әдемілеп жазады. Енді бір қағазды қалам шимай қағаз деп танып, дәм болсын сыза беруге құштар.

Қаламды таңдай алмаймыз. Сапалы қағаз оны ырқына көндіріп, құнды бір қолжазба қалдырып кетеді.
231 views05:23
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 16:05:10
атырауға тау мен ағаштарды алып кетем!
356 viewsedited  13:05
Ашу / Түсініктеме
2022-04-18 19:28:06 шаршадым.
416 views16:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 23:38:46 осы кісінің посттарын да, подкасттарын да сүйіп оқып жүрмін. керемет ойлайды!
431 views20:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 23:37:23 #рамазан_күнделігі_2022
#рухани_әңгіме

Мектепте бір мұғаліміміз болатын. Ерекше адам. Сол кісінің көзіне түсу үшін, сол кісіге ұнау үшін барымды салатынмын. Ең алдыңғы қатарда отыратынмын, сабаққа тыңғылықты дайындалатынмын, үй жұмысын тұрақты орындайтынмын, басқалар үндемей, пәс боп отырғанда, қол көтеріп, сұрақтарға жауап беріп, белсенді болатынмын.

Бір күні ол мені бүкіл сыныптың көзінше мақтады. Төбем көкке екі-ақ елі жетпей тұрды. Қандай мәртебе десеңші! Мен оның любимчигіне айналдым білем. Әр сабақта оның маған деген ерекше ықыласын, сенімін байқай бастадым. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын.

Бағана мешітте бір ой келді. Неге мен дәл солай Алланың любимчигі болуға тырыспаймын, а? Оған ұнайтын істерде ең алдыңғы қатардан көрінсем, әр құлшылығыма тыңғылықты дайындалсам, Оның тапсырмаларын тұрақты орындасам, басқалар үндемей, пәс боп қалғанда, белсенді болсам, Оның көзіне түсіп, Оған сөзсіз ұнайтын едім ғой.

Сыныптас, группалас, әріптестерімнің, мешіттегі жамағаттың, достарымның ішіндегі Алланың ең сүйікті құлы мен болам деген ұмтылыстан асқан мотивация бар ма екен?

Бір күні Ол мені бүкіл әлемнің көзінше мақтаса ғой. Қандай мәртебе десеңші! Сол сәттегі күйімді елестете де алмаймын. Алланың любимчигіне айналсаң, Ол сені басқаларға да сүйікті етіп қояды. Олар сені жақсы көріп, төрге отырғызып, ізгі тілегін арнап, сый-сыяпатқа бөлейтін болады. Ал сен іштей "неге бұлардың маған сонша ықыласы ауды екен, мен оларға ешқандай жақсылық жасамадым ғой?" деп ойлайсың.

Құранда бұл жайлы былай делінген:

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ سَيَجْعَلُ لَهُمُ ٱلرَّحْمَٰنُ وُدًّا

Иман келтіріп, игілікті істер істегендер бар ғой, Рахман Алла оларды (жерде де, көкте де) сүйікті қылады.

(«Мәриям» сүресі 19:96)

Адамдардың ғана емес, періштелердің, теңіздегі балық, көктегі құстардың да сүйіктісі екеніңді сезіну ғажап қой. Любимчик болсаң, Алланың любимчигі бол!
419 views20:37
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 21:08:19 үштегі қыз. пойыз ыстық. қап-қалың свитер киіп алған. маңдайы тер.

- тоңып қалдым, әже.

мен:

әжесі: "әәәй, не дейді мынау? тоңып қалдым емес, жанып кеттім дейсің" деп, айқайды салды қақақа
407 views18:08
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 20:59:11
"старик и море" қасына муракамидің "токийские легенды" сборнигін алғам. кайф! қысқа оқиғалар. кейбірінің соңы белгісіз. бірақ, әрқайссында изюминка мен ойыңда із қалдыратын бірнәрсе бар.

хемингуэйді дәл таңдаппын. ол да кайф жазушы екен. ұнады.
403 viewsedited  17:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 20:56:50
пойызда "я краснею" қарадық. группаластарым ішіндегі қызды көріп "мынау сенен аумайды екен", "Фарикон мынау сен" деп қақақа. көптен өзіме ұқсайтын кейіпкер көрмегем, өтіп кетті.
385 views17:56
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 12:56:52
терезеден басым мен қолымды шығарып тұрғам. кездейсоқ шатырдағы бес аға синхронно қол бұлғады. мә, жаман қуанып, мен де қайтарып үлгердім. кейін теміржолшы бір бала ыржиып, қол бұлғады. мен де күлдім. одан кейін өзім бір ағаға: кинодағыдай басын изеді. мәзбін.
455 views09:56
Ашу / Түсініктеме