Get Mystery Box with random crypto!

Балқия Балтабай

Telegram арнасының логотипі balkia_baltabay — Балқия Балтабай Б
Telegram арнасының логотипі balkia_baltabay — Балқия Балтабай
Арна мекенжайы: @balkia_baltabay
Санаттар: Блогтар , Курстар мен нұсқаулықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 60.59K

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2024-03-26 07:09:58 Ютубтағы “НАМАЗҒА МОТИВАЦИЯ” атты эфирді кім көрді? Қалай әсер етті? Бөлісіңізші әсеріңізбен Сол видеоны көріп, намаз бастап кеткендер бар ма?
12.6K views04:09
Ашу / Түсініктеме
2024-03-25 10:23:40
Арнайы сіздер үшін дұға жасадым ӘМИН деп қойыңыздар
12.6K views07:23
Ашу / Түсініктеме
2024-03-25 06:37:32 РАМАЗАНДА ОСЫ 3 САҒАТТЫ ЖІБЕРІП АЛМАУ КЕРЕК Яғни, Рамазан айында әр күннің үш сағаты бар, оны ешбір жағдайда жіберіп алмау керек: Бірінші сағат – ауыз ашар алдындағы сағат Ифтарды ерте дайындаңыз және осы сағатты дұғаларыңызға арнаңыз, өйткені ораза ұстаушының…
12.6K views03:37
Ашу / Түсініктеме
2024-03-24 10:46:40 РАМАЗАН 14 - КҮН ТАПСЫРМАСЫ:

1) ҚҰРАН ОҚУ, КЕМІ 10 АЯТ

Рамазан - ҚҰРАН АЙЫ!
Құран оқи алмасаңыз, әріптерін үйреніп бастаңыз! Ойлаңызшы, 1 әріп үйреніп, оқысаңыз 10 сауап жазылады
Ал, Рамазан сауаптар еселенетін ай! Құран үйреніп бастасаңыз, сауаптарын ойлай беріңіз енді
Кейінгн қалдырмаңыз! Дәл осы Рамазанда Құран бастап кетіңіз!
Ақыл қоспаңыз!

Ал, Құран оқи алсаңыз, осы Рамазанда Хатым дұғасын жасаңыз!
Құран Хатым деген - Құранды толық 114 сүрені бастан аяқ оқып шығу

Алла жеңілдетіп қойсын, ин шаа Алла!

2) ИСТИҒФАР АЙТУ, КЕМІ 100 рет

«Маған истиғфар етiңдер. Дұғаларыңды қабыл етемiн, күнәләріңді кешiремiн»- делiнген. Алла көп истиғфар етудi әмiр еткендiгi осыдан ақ көрiнiп тұр

Истиғфар дұғасы:

Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ
.

Сiздер де осыны оқыңыздар! Әрбiр айтқанда «Менi кешiре гөр Аллаһым» деп мағынасын ойлап айту керек

3) САЛАУАТ АЙТУ - кемі 100 рет

Салауаттың пайдасы ұшан теңіз!
Салауат сөздерін жиі айту арқылы адам баласы көп сауапқа кенеліп, Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жақын адамдардан болады.
Ол турасында ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
أَوْلَى النَّاسِ بِي يَومَ القِيَامَةِ أكْثَرُهُمْ عَلَيَّ صَلاَةً
«Қияметте маған ең жақын адам – маған көп салауат айтқан адам», – деген (имам Тирмизи).
Алла Тағала баршаларымызды ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтушылардан етуді нәсіп етсін

Мына салауатты айтасыз

Аллаахумма солли аляя Мухаммадин уа "аляя аали Мухаммад

4) СИРА САБАҒЫН КӨРУ, НЕМЕСЕ ОҚУ - кемі 10 бет

Сира - Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) өмірбаяны

Пайғамбарымыз (с.а.с) өмірбаянын білу баршамызға міндет! Пайғамбарымыз (с.а.с) жасаған амалдарды өмірімізге енгізіп, тиғандарынан тиынсақ, міне сонда нағыз мұсылманның өмір сүру формуласы болмақ

Егер, сізде кітап болмаса, төменде ПДФ форматын жіберемін

Кітап оқи алмасаңыз, Нұрсұлтан ұстаздың керемет сабағы бар!
Міне сілтемесі





5) АЛЛАНЫҢ 3 КӨРКЕМ ЕСІМІН МАҒЫНАСЫМЕН ЖАТТАП, СОЛ ЕСІМІМЕН ДҰҒА ЕТУ

40 - есім: Әл-Муқит
 المُقِيتُ Қорек беруші, пенделердің қажеттіліктерін меңгеруші.
41 - есім: Әл-Хасиб  الحَسِيبُ Есептеуші.
42 - есім: Әл-Жәлил  الجَلِيلُ Аса ұлық, аса мәртебелі

6) КЕМІ ЖАРТЫ САҒАТ ТӘФӘККУР ЖАСАҢЫЗ

Тәфәккурдың діндегі орны қандай?

Тәфәккур – дінімізде маңызды бір ғибадат. Тәфәккур – күнәларын, махлұқтарды (жаратылыстарды) және өзін ойлау, Аллаһу та'ала жаратқан нәрселерден ғибрат алу деген сөз

Тәфәккур төрт түрлі болады:
1) Аллаһу та'аланың жаратылыстарындағы әсемдік пен пайдаларын ойлау Оған сеніп, Оны жақсы көруге себеп болады.
2) Ол уәде берген сауаптарды ойлау ғибадат жасауға себеп болады.
3) Ол білдірген азаптарды ойлау Одан қорқуға, жамандық жасамауға, күнәдан қашуға себеп болады.
4) Ол берген ниғметтерге, ихсандарға жауап ретінде нәпсіне еріп, күнә істегендігін, ғапілдік ішінде өмір сүріп жатқанын ойлау Аллаһтан ұялуға себеп болады. Аллаһу та'ала жерлердегі және аспандардағы махлұқтарды ойлап, ғибрат алғандарды жақсы көреді.
Хазреті Мұсаның үмбетінен біреу 30 жыл ғибадат етеді, бір бұлт оған көлеңкі болады. Бір күні бұлт келмейді, ол күн астында қалады. Анасы «Бір күнә істеген екенсің» дейді. Бала «Жоқ, күнә істемедім» дейді. Анасы: «Аспанға, гүлдерге қарап, жаратқанның ұлылығын ойламаған болсаң, бұдан үлкен қателік болады ма?» дейді

Жалпы, Хадис шәрифте: «Тәфәккур етудей құнды ғибадат жоқ» және «Бір сәт тәфәккур алпыс жылдық ғибадаттан қайырлы» делінді. Имам Ғазалидің «Кимйа-и Саадәт» кітабында тәфәккур жайлы өте кең жазылған


Болды, осы 6 тапсырма
12.9K views07:46
Ашу / Түсініктеме
2024-03-24 00:36:47 РАМАЗАН 13 - КҮН ТАПСЫРМАСЫ: 1) ҚҰРАН ОҚУ, КЕМІ 10 АЯТ Рамазан - ҚҰРАН АЙЫ! Құран оқи алмасаңыз, әріптерін үйреніп бастаңыз! Ойлаңызшы, 1 әріп үйреніп, оқысаңыз 10 сауап жазылады Ал, Рамазан сауаптар еселенетін ай! Құран үйреніп бастасаңыз, сауаптарын…
12.6K views21:36
Ашу / Түсініктеме
2024-03-23 14:55:12 “Раббыма хат” жаздыңыз ба?
12.7K views11:55
Ашу / Түсініктеме
2024-03-23 06:54:01 АКЦИЯ! ТЕК РАМАЗАНДА!

“Жүрек тыныштығы” кітабын алсаңыз + ДҰҒАЛАР ЖИНАҒЫ сыйлыққа!

Яғни, 9000тг орнына екеуі - 6500тг!

Тапсырыс беру үшін дәл қазір ватсапқа шығыңыз

wa.me/77755841010
12.8K viewsedited  03:54
Ашу / Түсініктеме
2024-03-13 03:55:55 Ма шаа Алла белсенділіктеріңіз!

Осы Рамазанда өзгерем,
Раббыма жақындай түсем
деген ниетімізді Алла қабыл етсін!
12.6K viewsedited  00:55
Ашу / Түсініктеме
2024-03-12 20:29:13 ӨЗІМ ЖАСАЙТЫН ДҰҒА

Алдымен Аллаға мадақ, салауат айтып жібереміз ғой. Содан кейін дұғамызды бастаймыз.

"Өзіңе шексіз шүкір, Раббым!
Я Рахман! Я Рахим! Мен көп күнә жасадым, Сенің күнахар құлыңмын. Бірақ, Сенің Мейірімің менің күнәларымнан үлкен. Сол Мейіріміңнен үміт етемін. Рахым етіп, біздерді кеше гөр! Я РАББЫМ! СЕН КЕШІРІМДІСІҢ! КЕШІРГЕНДІ ЖАҚСЫ КӨРЕСІҢ, МЕНІ ДЕ КЕШІРШІ! Сенің кешірімің болмаса, біз құрдымға кеттік.
Қабір азабынан, тозақ отынан сақтап, есебімді жеңілдет!
Сенің алдыңа Сен разы болған құл болып баруды, Сен разы болатындай өмір сүруді нәсіп етші маған және оны жеңілдетіп қойшы! Соңғы амалымызды хайырлы ет! Сен сүйгенді сүйдір! Сенен алыстататынды алыстатшы менен! Маған және жақындарыма, отбасыма Өзіңнің Аса Мейіріміңмен Фирдаус жәннатын берші! Жүрегімді тыныш етіп қой! Жүрегіме дүние түсірме, иманымды байыт! Күпіршіл емес, шүкіршілдерден ет! Алушы емес, беруші қолдардан ет! Құранды маған, мені Құранға жақындат! Сенің алдыңа Сен бұйырған бес парызды толық өтеп баруымды нәсіп етші және жеңілдетші! Сүйікті құлдарыңнан ет! Пайғамбарымызға(с а с) көрші ет! Көркем ғұмыр бер! Екі өмірде де абыройымды арттырып қойшы Раббым! Үнемі Сенің қолдауыңда, қорғауыңда, мейіріміңде болайын. Елімізге, барша мұсылманға иман мен береке бер, арттырып қой! Оразамызды, амалдарымызды дұғаларымызды қабыл етші!
(Сосын осы дүниелік барша мұқтаждарымды сұраймын)

БАР ҮМІТІМ - СЕНІҢ МЕЙІРІМІҢДЕ! РАХЫМЫҢНАН ҮМІТТІМІН!"

Артынан тағы мадақ, салауат айтып, ӘМИН!

____
Таратыңыз, бөлісіңіз, басқаларға да қажет болар.

Алла дұғаларымызды қабыл етсін

#балкиябалтабай#дұға
12.7K views17:29
Ашу / Түсініктеме
2024-03-12 03:44:00
Бүгін менің туған күнім

Қош келдің 40 жасым!

ҚҰТТЫҚТАУ, ТІЛЕК, ДҰҒА ҚАБЫЛДАУҒА АШЫҚПЫН!

осы инстаграм пост астына жазып кетсеңіз болады

https://www.instagram.com/p/C4YoqeLA4p1/?igsh=ZTBpanN5NTBjeG1y
12.7K viewsedited  00:44
Ашу / Түсініктеме