Get Mystery Box with random crypto!

Атырауда азаматтық әйелін өлтірмек болған ер адамды сегіз күнн | ATYRAUOIL 📰

Атырауда азаматтық әйелін өлтірмек болған ер адамды сегіз күннен бері ұстай алмай жатыр

Атырауда полицейлер бұрынғы әйелін подьездің кіре берісінде өлтірмек болған күдіктіні таба алмай жүргендеріне сегізінші күн болды.

Кезекті жанжалдан кейін ер адам бұрынғы азаматтық әйеліне бірнеше рет пышақ сұққан. Ол облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, ер адам қашып кеткен.

«9 маусымда Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталу фактісі бойынша 29 жастағы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды күдікті анықталып, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.


t.me/guwonline