Get Mystery Box with random crypto!

​​ Долма Сізден лайк, бізден рецепт Құрамы: фарш үшін | Асхана алемі

​​ Долма
Сізден лайк, бізден рецепт
Құрамы:

фарш үшін - 300 грамм қой еті, 
2-3жуа , 
жүзімнің 12-15 жапырағы, 
1 шымшым зире, 
тұз бен бұрыш татымына қарай; 
гарнирлік палау үшін - 1 кесе күріш, 
3-4 түйір сәбіз, 
2 ас қасық өсімдік майы, 
күріш ботқа үшін - 1 кесе күріш, 
2 ас қасық тоң май, 
2 кеседей сорпа.

Дайындау тәсілі:

Қой еті ұсақтап туралып, ұсақ көзді ет тартқышпен тартылады. Оған ұсақтап туралған пияз, зире салынады. Тұздалып, бұрышталады. Жақсылап араластырылады.

Жүзімнің жұмсақ орташа жапырақтары іріктеліп, сағағынан тазартылады, жуылады. Содан соң әрбір жапырақтың ортасына орта есеппен бір шай қасық фарш салынып, оралады. Біріктірілген жиектері төмен қаратылып, тақтай үстіне қатарлап қойылады. Үстінен алақанмен сәл-пәл басылып, тығыздалады. Сөйтіп біріктірілген жиектері бір-біріне қаратылып, екі-екі данадан қатты жіпке тізіледі. Содан кейін кастрюльдің түбіне тарелка қойылып, ішіне фаршталған жүзім салынып, бетіне тағы бір тарелка жабылады. Үстіне тарелкалар толық бататындай ауыр зат бастырылады да қайнатылады.

Дастарқанға қояр алдында еппен кастрюльден шығарылған голубцылардың жібі де аса сақтықпен алынады.

Бұл тағам дастарқанға гарнирмен де, гарнирсіз де қойылады. Гарнир ретінде күріш ботқа, етсіз палау пайдаланылады.