Get Mystery Box with random crypto!

Алмұрт, жаңғақ, шоколад қосылған Пирог ⠀ Құрамы: ⁃ 250 гр ұн | Асхана алемі

Алмұрт, жаңғақ, шоколад қосылған Пирог

Құрамы:
⁃ 250 гр ұн
⁃ 2 жұмыртқа
⁃ 150 гр жұмсақ сары май
⁃ 150 гр қант
⁃ 125 гр қаймақ 15% немесе айран ( мен йогурт қостым)
⁃ 1,5 қасық разрыхлитель
⁃ 100 гр шоколад ( қазақстан)
⁃ 100 гр ұсақталған грец орех
⁃ 4 дана алмұрт

Жасалуы:

Сары майға қантты салып ағарғанша миксерлейміз. Бір-бірден жұмыртқаны салып, тағы миксерлейміз. Кейін йогуртты құйып, араластырамыз.
Бөлек ыдысқа ұнды өлшеп, разрыхлитель салып араластырамыз.
Ұнымызды сұйық қоспаға салып, лопаткамен араластырамыз. Қою болады.
Кейін орех, шоколад, туралған алмұрты салып, тағы да араластырамыз.
Пешімізді алдын ала қызыдырып 180 градусқа қоямыз.
Пирогтың диаметрі менде 24 см.
Формаға пергамент төсеп немесе май жағып, бетіне жұқалап туралған алмұртты орналастырып шығамыз, бетіне қамырды құямыз.
Пирог 40 минут піседі, градусын 160 қа қойып, тағы 20 минут ұстаймыз.

Ас болсын